Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- Келтірілген сілтемелер бойынша өту (тауарлар экспортына, тауарлар импортына лицензия алу), осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының парағында «Өтініш беру» сілтемесі бойынша өту.
- Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін «Менің өтініштерім» тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» тарауынан, хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.