Назар аударыңыз! Ақтау қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құжаттарды жедел тәртіппен алуға ниет білдірген ҚР азаматтары жедел алудың 3 санаты бойынша ғана ресімдей алады.
Бұл шара Ақтөбе-Ақтау (күн сайынғы ұшу) бағыты бойынша әуе бағытын бұрынғы жұмыс режиміне келтіргенге дейін уақытша болады.
Қызмет ҚР ІІМ хаты негізінде қолжетімсіз. Барлық сұрақтар бойынша ҚР ІІМ мекенжайына жазу қажет.
Қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалына жүгінуіңізді сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз.
Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:
- фотосуретті (фотосуретке қойылатын талаптар)
- қол қою үлгісін қоса беру (сканерленген қол қою сүретіне арналған талаптары).
- Қажет болған кезде қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Өтінімді оң өңдеу кезінде өтінім беруші дайын құжатты өтінімде бұрын көрсетілген тіркеу пунктінен алуы қажет.
- Өтінімді теріс өңдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінімді түзету туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту келіп түседі. Көрсетілетін қызметті алушы толық түзетілмеген жағдайда, өтінім автоматты түрде жойылады.
Өтінім түзетуге жіберілетін себептер:
- Сапасыз фотосурет.
- Сапасыз қолтаңба.
- Сапасыз фотосурет және қолтаңба.
- Өтінімді ресімдеу құжаттау себебіне сәйкес келмейді. Қызметті алу үшін сізге жақын жердегі ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Жеке басын куәландыратын құжатты (яғни, жеке куәліктің берілген күні 01.01.2015 жылға дейін болуы тиіс) және паспортты (яғни паспорттың берілген күні 01.01.2010 жылға дейін болуы тиіс) жаңа үлгідегі құжатқа ауыстырған жағдайда ғана Көрсетілетін қызметті Портал арқылы алуға болады. Қалған жағдайларда (оның ішінде құжаттың мерзімі аяқталғанда, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған кезде, ұрланған және жоғалған кезде, жеке куәлік берілген күні – 01.01.2015 жыл және паспорт – 01.01.2010 жыл болғанда тездеткені үшін төлем) көрсетілетін қызмет тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да немесе уәкілетті органда көрсетіледі.
Мемлекеттік органда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар) («Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ):
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Құжат үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар Салық кодексінің 622-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады);
- Құжатты ресімдеген сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетін өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет;
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.
"Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға фотосуретке түсіру, қолтаңба сканері арқылы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы енгізіледі.
3.1. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу кезіндегі мынадай құжаттардың бірі:
- Туу туралы куәлікті (16 жасқа дейін паспорт алған кезде).
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (паспортты ауыстырған кезде).
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (16 жасқа толуына байланысты паспортты алғаш алған кезде).
- Ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты паспорт алған кезде).
- Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлікті (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) жеке ұсынады.
3.2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу кезіндегі келесі құжаттардың бірі:
- Туу туралы куәлікті (16 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алған кезде).
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (жеке куәлікті алғаш алған кезде, жеке куәлікті жоғалтқан кезде, Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қайта оралған кезде).
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (жеке куәлікті ауыстырған кезде).
- 1974 жылғы үлгідегі паспортты (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) (Қазақстан Республикасының азаматтығын растаған кезде жеке куәлікті алғаш алу үшін).
- Азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының азаматтығын мойындаған кезде).
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде) жеке ұсынады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды, жеке куәліктерді беру.