Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларына сәйкес туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін).
- туу/некеге тұру/некені бұзу/қайтыс болу туралы алғашқы куәлік (бар болса).
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
- Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қайтыс болуы туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.