Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Автоматтандырылған басқару жүйелерін, автоматтандырылған жобалау жүйелерін (оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға) әзірлеуге және/немесе енгізуге жұмсалған шығындар бойынша цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
- Өтінім.
- Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Төлеу шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ (бар болған жағдайда) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер.
- Орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған құжаттардың көшірмелері.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
- Лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға жұмсалған шығындар бойынша өтініш беруші қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
- лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу шартының көшірмесі;
- лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдап алу-беру актісі).
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
Қағидалардың осы тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рәсімделеді.
Индустрия 4.0 технологиясын (элементтерін) енгізуге арналған шығындар бойынша цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады
- Өтінім.
- Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Төлеу шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ (бар болған жағдайда) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер.
- Орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған құжаттардың көшірмелері.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
Қағидалардың осы тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рәсімделеді.
Цифрлық жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындар бойынша цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады
- Өтінім.
- Өтініш берушінің технологиялық жабдықты сатып алу туралы есебі (өтініш берушінің қызметінің және цифрлық жабдықты сатып алу қажеттілігінің сипаттамасы бар).
- Сатып алынған цифрлық жабдықтың жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Сатып алынған цифрлық жабдықтың жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жабдықты сатып алу кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын сатып алынған жабдықтың төленгенін растайтын құжаттар ретінде сатып алынған жабдықтың жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын, өтелетін кезеңге қолданылатын құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестігі туралы декларация, индустриялық сертификаты).
- Цифрлық жабдықты сатып алу-сату шартының көшірмесі.
- Цифрлық жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат немесе т. б.).
- Жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқауды, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдықтың сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, цифрлық жабдық құрамының ерекшелігін (техникалық паспорт) қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі.
- Сатып алынған цифрлық жабдықтың суреттері.
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына цифрлық жабдықты сатып алу фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
Қағидалардың осы тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рәсімделеді.