Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу
Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ немесе мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Мүгедектен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда мүгедектің сенімхаты.
Қызмет көрсету нәтижесі
Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына СМС-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.