Қызметті онлайн алу
- Порталда "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметтерді алу үшін сіз migration.enbek.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өмірбаян (кез келген нысанда).
- Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасымен.
- Өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шартқа сәйкестігін айқындайтын құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, этникалық қазақтар шыққан елдің уәкілетті органдары берген, үміткерлердің ұлтын растайтын өзге де ресми құжаттар), егер «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 11-1) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртібімен және қандас мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына жататындығын айқындау жөніндегі Комиссияның ұсынымы болмаған жағдайда.
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін көшіп келушілердің критерийлік бағалаудан өткендігі туралы хабарлама.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен ұсынылады, тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады, сондай-ақ мемлекеттік дерекқорлардан алынған электрондық көшірмелер мен деректерді пайдалануға жол беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қандас куәлігі беріледі.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың ақпараттық жүйеде 1 жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш берушінің сұрауы бойынша жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен жүктеу арқылы береді. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі migration.enbek.kz порталында жеке кабинетте көрсетіледі.



