Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
1. Осы бетте қажетті қызмет түшелері батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Радиохабар байланыс түрі үшін радиожиелік спектрін қолдануға рұқсат
- Ұялы байланыс түрі үшiн радиожиiлiк спектрін қолдануға рұқсат
- Транкингтік байланыс түрі үшін радиожиелік спектрін қолдануға рұқсат
2. Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің қажетті түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
4. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
5. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабрламаларым » тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат, Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою, ұзарту, қайта ресімдеу немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап