1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
Қазақстан Республикасында бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып 31 тамызға дейін жалғасады.
Өтініштерді қабылдау жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) жүзеге асырылады.
Осы білім беру ұйымында мектепалды даярлықтан өткен және оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өңірлер бойынша өтініштерді кезең-кезеңімен қабылдау тетігі енгізілуде.
Өңірлер бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау кестесі
|
Кезең
|
Өңірлер
|
|
27 мамыр – 31 тамыз
|
Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы
|
|
10 маусым – 31 тамыз
|
Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы
|
|
18 маусым – 31 тамыз
|
Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы
|
|
29 маусым – 31 тамыз
|
Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы
|
Қызметті онлайн алу
-
Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
-
Барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды тіркеңіз.
- Міндетті қоса берілетін құжаттар:
- 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт»;
- баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi;
- Өтінішке қол жетімді әдістердің бірімен қол қойыңыз.
Қызметті онлайн қалай алуға туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар);
- Қызметті берушінің өтініші;
- Баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
- Қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
- 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт»;
- Баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi;
Қызмет көрсету нәтижесі
Портал арқылы жүгінген жағдайда - қабылданған шешім туралы хабарлама электрондық құжат нысанында "Менің өтінімдерім" бөліміне жолданады.
Қызмет көрсетушіге (қағаз түрінде) жүгінген жағдайда:ткелісім болғанда - қызмет алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі, бас тарту болғанда - қызмет алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.



