I) Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша рухани (діни) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін – 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында; ақылы негізде 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында; оқудың кешкі және сырттай нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында; шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында; педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында жүзеге асырылады;
II) 3 жұмыс күні
III) 5 жұмыс күні
Қызметтің толық атауы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
Бір талапкер бір ғана өтінім беруі тиіс (4 колледжге 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігімен).
Тіркелген құжаттардың жалпы көлемі 5 Мб аспауы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау:
1) Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша рухани (діни) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін – 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша:
- мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында;
- ақылы негізде 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында;
- оқудың кешкі және сырттай нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
- педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында жүзеге асырылады;
Колледждерге қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылған.
Назар аударыңыз! Құрметті пайдаланушы! АХАЖ АЖ-да туу туралы актілік жазба бойынша деректер болмаған жағдайда, мәліметтерді өзектендіру үшін Сізге сілтеме бойынша сервисті пайдалану қажет. АХАЖ АЖ мәліметтерін өзектендіру бойынша сәтті мәртебені алғаннан кейін Сізге қызметке қайта тапсырыс беру қажет.
Қызметті онлайн алу
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегінұсқаулықпентанысуға болады.
Назар аударыңыз!!!
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу кезінде кездесетін қиындықтарды ескере отырып, Білім және ғылым Министрі медициналық анықтамалық құжаттарсыз оқу орындарына құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.
«Электрондық үкімет» порталына онлайн өтініш берген кезде - медициналық анықтамаларды бекіту өрісі міндетті емес болып табылады.
I - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
Мемлекеттік органда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;
№ 075-у нысаны бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды);
ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін 026/у нысаны бойынша ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссияның) қорытындысы;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-у нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Тұлғаны куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты (шетелдіктің (заңды өкіл) Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты, азаматтығы жоқ тұлғаның/пана іздеуші тұлғаның/босқын/ қандас куәлігі,) ұсынады.
II - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
қандас мәртебесі туралы құжат;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
III - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
белгіленген нысандағы өтініш;
туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін:
белгіленген нысандағы өтініш;
оқу орнына қабылдау туралы бұйрық.
2,3,4-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
I) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту.
II) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.
III) Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.