
Әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты алименттерді төлеу немесе сұрату қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы мақалада алимент деген не, алиментті кім талап ете алады және кім төлеуі тиіс екенін, алименттерді талап ету тәртібі қандай, алименттердің қандай мөлшері заңнамада көзделген және алименттер төленбесе не істеу керектігін білесіздер.
Алименты – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамның басқа оны алуға құқығы бар адамға ұсынуы міндетті ақшалай немесе мaтериалдық асырау. Алименттердің неғұрлым таралған жағдайы – баланы асырауға төленетін төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін.
Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес.
Қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиеде болатын балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы. Кодекстің 6-бабына сәйкес, балаға алимент ретінде тиісті сома баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне түседі және баланы асырауға, біліміне және тәрбиесіне шығындалады.
Алименттер кімдерге төленуі тиіс?
Кәмелетке толмаған балаларға алименттер
Ата-аналары кәмелетке толмаған өз балаларын асырауға міндетті, осы асыраудың тәртібі мен нысанын ата-аналардың өздері анықтайды.
Ата-аналары кәмелетке толмаған балалар туралы Кодекстің 20-бөліміне сәйкес келісім жасауға құқылы (алименттерді төлеу туралы келісім). Егер ата-анасы балаларын асырауға ақша ұсынбаса, бұл сотта келісіммен немесе ата-аналардың бірі алименттерді төлетуге сотқа талап бермесе, онда талапты қорғаншылық және қамқоршылық органына бере алады. Некені бұзуда сотта келісім қаралады:
- кәмелетке толмаған балалардың кіммен тұратыны туралы;
- балаларды немесе еңбекке жарамсыз зайыбын асырауға алименттерді төлеу тәртібі туралы;
- балаларды асырауға алименттердің мөлшерлері туралы;
- мүлікті бөлу туралы (ажырасуда кімнің неге құқылы екенін біліңіз).
Егер осындай келісім ерлі-зайыптылар арасында болмаса немесе ол балалардың, ерлі-зайыптылардың бірінің мүдделеріне қайшы келсе, онда осы мәселелер бойынша шешімді сот анықтайды. Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар сондай-ақ баланы асырауға Кодекстің 79-бабына сәйкес алименттер төлеуге міндетті. Келісім негізінде алименттерді төлеу – алименттерді төлеудің ерікті тәсілі, ал сот бұйрығы бойынша, берілген талап-арыз негізінде – мәжбүрлі (төменде мақаладан сіз алименттерді қалай төлеу керектігі туралы ақпаратты табасыз).
Алименттерден басқа ата-аналардан балаларды асырауға қосымша сомалар да шегерілуі мүмкін. Ерекше жағдайлар да бар - ауыр аурулар, кәмелетке толмаған балалардың мертігуі немесе егер оларға бөгденің күтімі керек болса, кәмелетке толғандардың еңбекке жарамсыздығы.
Ерлі-зайыптылардың біріне және бұрынғы ерлі-зайыптылардың біріне төленетін алименттер
Кодекстің 147-бабына сәйкес ерлі-зайыптылар бір-бірін материалды қолдауға міндетті. Баланы асырауға қаржыдан басқа ері немесе зайыбын немесе бұрынғы ері немесе зайыбын асырауға қаржы талап етілетін бірқатар жағдайлар бар. Егер келісушілік немесе келісім болмаса, онда алименттерді төлетуге сотқа талап-арыз бере алады:
- еңбекке жарамсыз мұқтаж ерлі-зайыптының бірі;
- жүктілік кезінде зайыбына және ортақ бала туғаннан бастап 3 жыл ішінде;
- 18 жасқа толғанға дейін ортақ мүгедек-баланың күтімін жүзеге асыратын мұқтаж зайыбы, сондай-ақ ортақ балаға 18 жасқа толуы бойынша І-ІІ топты мүгедектік анықталған жағдайда.
Алименттер мөлшерін және төлеу тәртібін сот анықтайды. Көптеген жағдайларда сот бұрынғы зайыбына алименттерді төлеуден бас тартуы мүмкін, егер еңбекке жарамсыздық спирт ішімдіктерін, есірткі заттарын, психотроптық заттарды шамадан тыс қолдану нәтижесінде немесе олар қасақана қылмыс жасағанда орын алса; некенің сақталмауына байланысты (5 жылға дейін) және егер алименттерді төлеуден бас тартатын ерлі-зайыптының бірі өзін лайықсыз ұстаса төлеуден бас тартады.
Кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларға алименттер
Кодекстің 143-бабына сәйкес еңбекке жарамды ата-аналар көмекке мұқтаж өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға міндетті. Бұл жағдайда келісім болмағанда алименттер мөлшерін сот отбасының материалдық жағдайына байланысты анықтайды және АЕК тең болады. Егер ата-аналарының арасында келісу немесе келісім болмаса, онда төлем тәртібі мен мөлшерлерін сот анықтайды, бұнда екі ата-анасының да материалдық жағдайы және өзге шарттары ескеріледі. Алименттер нақты шығындарға, сондай-ақ алдағы, болашақта талап етілуі мүмкін шығындарға да талап етілуі мүмкін.
Кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауына алименттер
Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз мұқтаж өз ата-аналарын асырауға және оларға қамқор болуға міндетті. Егер балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарын келісім бойынша ерікті асырай алмаса, онда ата-аналар сотқа алименттерді талап етуге өтініш бере алады. Бұнда бір, сондай-ақ барлық балаларға беруге болады, алайда өз міндеттемелерін орындамаған ата-аналар соттың оң шешімін алуы екіталай, ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар осындай алименттерге мүлде үміткер бола алмайды.
Жоғарыда айтылған жағдайлардан басқа немерелері мен апалар/аталарының, тәрбиленушілер мен тәрбиелеушілердің және басқа отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері бар.
Алимент қандай мөлшерде төленуі тиіс?
Егер ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар арасында алименттерді төлеу тәртібі және мөлшері туралы келісім құрастырылса, онда іс жүзінде төлем келісуге сай келуі керек. Егер алименттерді төлеу туралы келісім болмаса, онда Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сотпен төлетеді.
Алименттер ай сайын мынадай мөлшерде төленуі тиіс:
- бір балаға – ата-анасының еңбекақысынан және/немесе өзге табысының (1/4) төрттен бірі;
- екі балаға – ата-анасының еңбекақысының және/немесе өзге табысының үштен бірі (1/3);
- үш және одан да көп балаларға – ата-анасының еңбекақысының және/немесе өзге табысының жартысы (1/2);
- кейбір жағдайларда осы үлестер мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін;
- алимент төлеушінің жалақысынан ұстап қалудың жалғыз шектеуіші «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 95-бабы болып табылады, оған сәйкес борышкерде жалақысының немесе өзге де табысының 50% кем емесі сақталуы тиіс.
Жалақының қандай түрлерінен алимент ұсталуы мүмкін?
«Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң бекітілген тізбесі бар, онда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алименттерді ұстау жалақының барлық түрлерінен (ақшалай сыйақы, асырау) және ата-анасы алатын өзге де табыс түрлерінен жүргізілетіні көрсетілген. Бұнда қай валютада болатыны еш маңызды емес – ұлттық немесе шетелдік. Осылайша, алименттер мыналардан ұсталады:
- қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындаған жұмысы үшін еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген белгіленген лауазымдық айлықақыларға (мөлшерлемелерге) байланысты есептелген жалақыдан;
- еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстеме ақылардың барлық түрлерінен, сондай-ақ еңбек ақы төлеу қоры шегінде үнемделген қаражат немесе тиісті мекемені қамтуға көзделген қаражат есебінен алынатын үстеме ақылардан;
- еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылардан (ақшалай сыйақылардан);
- мына:«Атқарушылық Іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 7-тармағымен көзделген;
- демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ бірнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетін ақшалай өтемақыдан;
- комиссиялық сыйақыдан (сақтандыру агенттеріне, брокерлерге);
- азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бір жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған көрсетілген қызметтер үшін алынған кірістерден;
- авторлық сыйақы төлемдерінен;
- зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабымен көзделген жәрдемақыларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтік көмек сомаларынан;
- білім беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін стипендиялардан;
- заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түскен кірістерден;
- мүлікті жалға беруден түскен кірістерден;
- бағалы қағаздар бойынша түскен кірістерден және заңды тұлғаның мүлкін басқаруға қатысудан түскен басқа да кірістерден;
- «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1) тармақшасымен және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 2) тармақшасымен көзделген кірістерден жүргізіледі.
Бұнда әскери қызметкерлерден, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен алименттерді төлету қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты олар алатын, келесі төлем түрлерінен жүргізіледі:
- лауазымдық жалақыдан, әскери, арнайы атақ бойынша берілетін жалақыдан, арнайы атақ немесе сыныптық шен үшін қосымша еңбекақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстеме ақыдан;
- «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1) тармақшасымен және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының тармақшасымен көзделген;
- еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты әрі біржолғы сипаттағы және тиісті органды қамтуға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен алынатын сыйақылардан (ақшалай сыйақылардан);
- тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен алынатын үстеме ақылар мен қосымша ақылар сомасынан;
- мына:
- мертіккен жағдайда төленетін бір жолғы өтемақыны;
- зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшін өтемақы төлемдерін;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы;
- тұрғын үйді жалдағаны (жалға алу) үшін мақсатты өтемақыны;
- жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына алушыға төленетін ақшалай өтемақыларын;
- кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі шегінде емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге төленетін ақшалай соманы;
- қызметі бойынша ауысқан, әскери қызметтен шығарылған кезде, стационарлық емделуге барған және кері қайтқан кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен жол жүруге, сондай-ақ қызметі бойынша ауысқан және әскери қызметтен шығарылған кезде он тоннаға дейін жеке мүлікті тасымалдауға жұмсалған шығындарды өтеуге төленетін ақшалай соманы;
- пошта жөнелтілімдеріне арналған шығындарды өтеуге төленетін ақшалай соманы;
- оқуға жұмсалған шығындарды өтеуге төленетін ақшалай соманы;
- іссапарға жіберілген қызметкерлерге берілетін өтемақы төлемдерін;
- коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстарды төлеу үшін төленетін ақшалай өтемақыларды;
- әскери қызметшілердің көрсетілетін қызметтерге, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты келтірілген шығындарын өтеумен байланысты өтемақы төлемдерін;
- әскери-оқу, арнайы оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) лауазымдық жалақыларын (стипендияларын) қоспағанда, барлық өтемақы түрлерінен жүргізіледі.
Заң алименттер ұсталуы тиіс табыстың ең төменгі немесе барынша көп сомасының шамасын белгілемейді, себебі алименттер ресми расталған табыстың кез келген сомасынан ұсталуы тиіс.
Алименттерді төлеу туралы келісімді қалай құрастыру керек?
Алименттерді төлеу туралы келісім Кодекстің 157-бабына сәйкес (алименттерді төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі) алиментті төлеуге міндетті адам және оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және/немесе алимент алушы әрекетке қабілетсіз болғанда – осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады. Келісім жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариуста куәландырылады.
Егер келісім бойынша алимент төлейтін ері немесе зайыбының материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, онда алименттерді төлеу туралы осы келісімге өзгертулер енгізу немесе бұзу үшін сотқа өтініш беру қажет. Бұл жағдайда алименттер мөлшері келісімде айтылады, бірақ сот тағайындаған алименттер мөлшерінен төмен бола алмайды.
Сотта алименттерді қалай өндіріп алуға болады?
Егер келісімге келу мүмкін болмаса немесе тараптардың бірі алименттерді төлеуден бас тартса, онда сотқа өтініш беріп, алименттерді мәжбүрлі төлеткізуге болады. Ол үшін жауапкер-ері немесе зайыбының тіркелу орны бойынша міндетті түрде сотқа талап арызбен жүгіну қажет (ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 32-бабына сәйкес).
Алименттерді төлету – бұл қандай да бір негіздер бойынша оларды ерікті төлеуден бас тартатн адамдардан алименттерді мәжбүрлеп алу процесі. Сотқа алименттерді төлету туралы өтінішпен егер алименттерді төлеу туралы келісім бойынша бұрын төленбесе, алименттерге құқықтар туындаған сәттен бастап өткен мерзіміне қарамастан жүгінуге болады. Бұнда алименттер сотқа жүгінген сәттен бастап тағайындалады, ал өткен кезең үшін алдыңғы 3 жылдан артық емес уақытқа егер осы кезеңге дейін асырауға ақша берілмегені анықталса, талап етіле алады.
Сотқа алименттерді төлетуге өтініш беру үшін мынадай құжаттар қажет:
- Алименттерді төлеу туралы талап өтініш, сондай-ақ жауапкер үшін оның көшірмесі.
- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы.
- Талаптар негізделетін жағдайларды растайтын құжаттар, жауапкер және үшінші адамдар үшін, егер оларда мыналар болмаса келесі құжаттардың көшірмелері: неке туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі, әкелікті анықтау туралы куәлік және нақты жағдайға байланысты басқалары.
Нақты жағдайларға байланысты өзге де құжаттар талап етілуі мүмкін, сотқа жүгінбес бұрын сіз өз жағдайыңыз үшін құжаттар тізімін нақтылап, байланыса аласыз.
Салық кодексінің 616-бабына сәйкес соттарда алименттерді өндіріп алу туралы талаптар бойынша талапкерлер мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
АПК 140-бабына сәйкес, әкелікті белгілеумен байланысты емес немесе үшінші адамдарды қатыстыру қажеттілігімен, егер кәмелетке толмағандардың алименттерін төлеу туралы талап қойылса сот бұйрығы шығарылатын болады. Сот бұйрығында борышкердің туған күні және орны, оның жұмыс орны, алимент төленуі тиіс әр баланың аты және туған күні, борышкерден ай сайын өндірілетін төлемдер мөлшері және оларды өндіру мерзімі көрсетіледі. Сот бұйрығына судья қол қояды, одан кейін ол орындау үшін сот актілерін орындау департаментіне жіберіледі.
Соңыра алиментті жалақыдан ұстау ұйым бухгалтерінің (әдетте) басшылығында болады. Алиментті ұстау және аудару үшін негізі мыналар болып табылады: нотариалды расталған келісім, сот бұйрығы немесе атқару парағы. Алименттерді аудару алимент төлеушінің өзге табысынан немесе еңбекақысын алғаннан кейін 3 жұмыс күнінен артық емес мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Сот орындаушысы алименттерді ұстау дұрыстығын және мерзімділігін жүйелі бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Кем дегенде тоқсанына бір рет және талап етушінің өтініші бойынша кез келген уақытта.
Кодекстің 75-бабына сәйкес, егер ата-анасы ата-аналық міндеттерін орындаудан бас тартса, соның ішінде алименттерді төлеуден қасақана бас тартса, онда олар ата-ана құқықтарынан айрылады.