Егер құжаттарда қателер болса немесе жеке куәлікте немесе туу туралы куәлікке өзгертулерді қалай енгізуге болады Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 01.12.2022Пайдалы сілтемелер:
Біздің көбісіміз тіркеу құжаттарында әр түрлі себептерге байланысты АХАЖ (туу, некені тіркеу, некені бұзу, қайтыс болуы туралы немесе өзге де куәліктер) қателер және олқылықтар болған жағдайлармен ұшырасады. Бұндай жағдай келеңсіз болып қана қоймай, болашақта маңыздылығы кем емес басқа құжаттарды алуды қиындатуы да мүмкін. Өз уақытыңыз бен күшіңізді қорғау үшін қажетті шараларды уақытылы қабылдау керек. Осы мақаладан сіз туу (некені тіркеу, бұзу және т.б.) туралы куәлікте қателер болса және құжаттарда олқылықтар жіберілсе не істеу керектігін және осы үшін қандай құжаттар қажет екенін білесіз.
АХАТ органдары қазақстандықтардың азаматтық хал актілерінің жазбалары жүргізіледі, олар құқықтар мен міндеттердің туындауын, өзгеруін немесе тоқтауына әкелетін және құқықтық жағдайды сипаттайтын оқиғалар мен әрекеттерді белгілейді.