Білім беруге ГРАНТТАРДЫ тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарының қабылдау комиссияларында қабылданады. Конкурсқа құжаттарды тапсыру үшін жергілікті жердегі университеттерге хабарласу керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылы батыс өңірлердегі мектеп түлектері үшін келесідей мамандықтарды даярлау бағыттарына: педагогика ғылымдары, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша 10 000 мақсатты грант (Атырау облысы – 4000, Маңғыстау облысы – 6000) бөлініп отыр.
Алыс өңірлерден келетін талапкерлерге ыңғайлы болу үшін, жергілікті жердегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарында бейнебайланыс арқылы кеңес беретін және конкурсқа құжаттарын тапсыруға көмектесетін виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.
Қосымша ақпарат алу үшін университеттердің қабылдау комиссияларына (виртуалды қабылдау комиссияларының тізімін мына сілтеме арқылы http://www.testcenter.kz табуға болады), сондай-ақ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментіне хабарласуға болады. Телефоны: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, 8 (7172) 742284, 741739 және «Ұлттық тестілеу орталығы» МКҚК байланыс орталығы – 8 (7172) 695069.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Білімі туралы құжат (түпнұсқа).
- Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты.
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы.
- Екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі).
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса).
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса).
6), 7), 8) және 9) тармақшаларда аталған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖКОБҰ дайындық бөлімдерін күшейтілген тілдік дайындықпен бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ басшысы қол қойған бітіргені туралы транскриптіні ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:
- Еңбек кітапшасы.
- Ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі).
- Қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама.
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер.
- Жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты.
- Жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер.
- Жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ БЕРУШІГЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНҒА ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:
Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік, сондай-ақ ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден негіздемелі бас тарту