
2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильді сандық қосымшаларды пайдалану, электрондық денсаулық төлқұжаттарын енгізу және "қағазсыз" ауруханаларға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Министрлік сарапшылармен, бизнес қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп денсаулық сақтауды цифрландырудың жаңа тәсілдерін әзірледі.
Жаңа тәсілдің мәні аурулар кезінде медициналық көмек көрсету шеңберінде адам денсаулығының барлық экожүйесін кешенді цифрландыруға көшу болып табылады.
Денсаулықты қамтамасыз етудің негізгі факторы салауатты өмір салты және дұрыс және пайдалы ақпарат алу мүмкіндігі болып табылады: қалай денсаулықты нығайтуға және сақтауға болады, сапалы медициналық қызметтерді қалай алуға болады.
Осылайша, Денсаулық экожүйесі пациенттің мүддесі төңірегінде құрылған және 4 бағытта сегменттелген:




Пайдалы ақпарат
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 217 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) сәйкес денсаулық сақтау саласында 50 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:
Сонымен қатар мына мемлекеттік қызмет көрсетеінін айта кету керек:


2018 жылға цифрландыру әсерлері



- - емханаға бару саны 2 есеге қысқарды;
- - бар кезектер 2 есеге қысқарды;
- - на 50% уақытты үнемдеу;
- - зерттеу нәтижелерін алуға кететін уақыт 2,5 есеге қысқарды;

Денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар
- Пациенттің денсаулық жағдайының онлайн мониторингі
- Жасанды интеллект негізіндегі талдау
- Пациенттерді қашықтан диагностикалау
- Дәрілік заттарды, ММБ және МТ таңбалау және қадағалау (blockchain)
- Қаржыландыру мәселесі оң шешілген жағдайда бүкіл ел бойынша онкологиялық науқастарға арналған емдеу жоспарын белгілеуде жасанды интеллект технологияларын (IBM Watson for Oncology) қолдану
- Жай-күйін қашықтан бақылауды енгізу
- Дербестендірілген медицина (геномика)
- ЭДП-мен жасанды интеллект жүйесінің интеграциясы (автоматты талдау жүйесі және ықтимал аурулармен заңдылықтарды анықтау)
- Медициналық көмек көрсету шеңберінде машиналық оқыту және жасанды интеллект (ДЗ, ММБ жұмсалуын талдау, ТМККК және МӘМС жоспарлау және оңтайландыру)
- Аурушаңдықты болжау
- Клиникалық деректерді сақтау үшін BLOCKCHAIN технологиясын пайдалану
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: А.ж. маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлері 30%-ға дейін жоғары жалақы алады
- МӘМС жүйесіндегі азаматтарды заңдастыру жұмыстары аяқталуға жақын – ВАК
- Қазақстанда қызылша ауруы 2 есеге төмендеді – Денсаулық сақтау министрлігі
- Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында балалар жарақаттануының алдын алу мәселелері талқыланды
- ҚР Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясымен кездесті