Айдар парағына өту

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.08.2022

ақша беру

Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік қызметшілердің немесе оларға теңестірілген адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабы 6-б.

http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000410

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық кодексте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттік Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Егер азамат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болды деп ұйғарса, ол:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жазбаша түрде мынадай мекенжайлар бойынша өтінім бере алады:

Орталық аппарат: Нұр-Сұлтан қаласы, С. Сейфуллин к-сі, 37

Нұр-Сұлтан қ.: Нұр-Сұлтан қ., А. Тоқпанов к-сі, 45

Алматы қ.: Алматы қ., Жібек Жолы даңғ., 15

Шымкент қ.: Шымкент қ., Қазыбек би к-сі, 3

Абай облысы: Семей қ., А.Байтұрсынов к-сі,36.

Ақмола облысы:  Көкшетау қ., Н.Назарбаев даңғылы, 71

Ақтөбе облысы: Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 93

Алматы облысы: Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов к-сі, 33 А.

Атырау облысы: Атырау қ., Темірханов к-сі, 2а

Батыс Қазақстан облысы: Орал қ., Құрманғазы к-сі 89/1

Жамбыл облысы: Тараз қ., Айтиев к-сі, 40

Жетісу облысы: Талдықорған қ., Кабанбай батыр к-сі, 36/42.

Қарағанды облысы: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 12

Қостанай облысы: Қостанай қ., Гашек к-сі, 4

Қызылорда облысы: Қызылорда қ., Желтоқсан к-сі, 156 А

Маңғыстау облысы: Ақтау қ., 23 шағын аудан, 100 үй

Павлодар облысы: Павлодар қ., Камзин к-сі, 37

Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Интернациональная к-сі, 60

Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Лихарев к-сі 2;

Түркістан облысы: Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы, 100

Ұлытау облысы: Жезқазған, Қ. Құрманбаев к-сі, 15.

  1. call-орталықтың тегін нөміріне 1424.
  2. Электрондық өтініштер порталы арқылы e-otinish.kz

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам және ол туралы ақпарат мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

Көтермелеу тәртібімен сілтеме бойынша танысуға болады:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500001131

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1500001131

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.