Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2020

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс.

Мінез-құлықтың жалпы стандарттары

Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары

Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары

Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындасөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің жаңа әдеп ережелері туралы ақпаратты кеңінен тарату мақсатында "Мемлекеттік қызметтегі әдеп" мобильдік қосымшасын әзірледі. Мобильдік қосымша Әдеп кодексінің мәтінін, әдеп бойынша уәкілетті туралы ақпаратты, мемлекеттік қызметкерлердің киім нысаны бойынша ұсыныстарды, әдептілікті анықтау бойынша тестілеуді, сондай-ақ сыйлықтар бойынша жадынаманы қамтиды.

Сонымен қатар, Агенттік жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін қысқаша нұсқаулық ұсынылған «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» қалта кітапшасын әзерледі. Бұдан басқа, осы нұсқаулықта мемлекеттік қызметкерде парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері ұсынылған. Осы нұсқаулықты қолдану қоғам және азаматтардың халқына қызмет етеін адамдардың адалдығына және әділдігіне сенімділігін арттыруына ықпал етеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.