Айдар парағына өту

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қалай кіруге болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 17.07.2026

мемлекеттік қызметМемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі жеке құрылымдардағы жұмысқа орналасудың үйреншікті рәсімінен айтарлықтай ерекшеленеді және қазіргі уақытта цифрлық форматта жүзеге асырылады. Кандидаттарды іріктеу «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы өтеді және бірнеше кезеңді қамтиды: алдын ала тестілеу, конкурсқа қатысу.

Бос орынға конкурс дегеніміз не және оны қайдан табуға болады

Конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар мемлекеттік орган өткізеді. Конкурстар ішкі және жалпы болып бөлінеді. Ішкі конкурс тек мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі. Лайықты кандидат болмаған жағдайда, барлық азаматтар үшін жалпы конкурс өткізіледі. Төменгі лауазымдарға орналасу үшін тек жалпы конкурс ұйымдастырылады.

Жалпы конкурс келесі кезеңдерді қамтиды:

  • хабарландыру жариялау;
  • кандидаттардың жүйе арқылы өтінім беруі;
  • біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;
  • конкурс кезеңдерінен өту (практикалық тапсырма немесе эссе және сұхбат);
  • конкурс комиссиясының шешім қабылдауы.

Бос лауазымдар туралы ақпарат «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында (мұнда өтінімдер қабылданады), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында және enbek.kz электрондық еңбек биржасында бірдей жарияланады.

Заңнама және мемлекеттік тілді білуіне тестілеу

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу

Қандай құжаттарды даярлау қажет

Конкурс. Эссе жазу

Әңгімелесуден өту

Практикалық бағалау (басшылық емес және төменгі лауазымдар үшін)

Мемлекеттiк қызметке кiру шарттары

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.