Айдар парағына өту

Қазақстандағы жеке сот орындаушысы: байланыс ақпараты және қызметтер үшін тарифтер Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.09.2022

балғаЖеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия  негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мемлекеттік сот орындаушысы – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам. 

Сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы. 

Жеке сот орындаушысы қызметінің төлем тарифтері

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде істің санатына байланысты төленетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын Үкімет келесі тәртіпте белгілейді:

  1.   Мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша: 
  • 60 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;
  • 60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;
  • 300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 15 пайызы мөлшерінде;
  • 1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;
  • 5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;
  • 10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде; 
  • 20 000 АЕК-тен жоғары болса - өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде.

2. Мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:

  • шығару және (немесе) орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға және (немесе) оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша - жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;
  • талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша - жеке тұлғалардан 10 АЕК, заңды тұлғалардан 20 АЕК;
  • баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы – жеке тұлғалардан ай сайын 20 АЕК мөлшерінде.

3.  Мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:

  • алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде тоқсан сайын.

Пайда болған берешекті өндіріп алу кезінде жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу осы жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке сот орындаушыларының аймақтық алқасы:

Астана қаласының аймақтық алқасы

Алматы қаласының аймақтық алқасы

Шымкент қаласының аймақтық алқасы

Ақмола облысының аумақтық алқасы

Алматы облысының аймақтық алқасы

Қостанай облысының аумақтық алқасы

Павлодар облысының аумақтық алқасы

Қарағанды облысының аумақтық алқасы

Шығыс-Қазақстан облысының аумақтық алқасы

Қызылорда облысының аумақтық алқасы

Ақтөбе облысының аумақтық алқасы

Атырау облысының аумақтық алқасы

Маңғыстау облысының аумақтық алқасы

Батыс-Қазақстан облысының аумақтық алқасы

Жамбыл облысының аумақтық алқасы

Солтүстік-Қазақстан облысының аумақтық алқасы

Түркістан облысының аумақтық алқасы

Дереккөз: ҚР ӘМ

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.