Телефон нөмірін ауыстыру жөніндегі нұсқаулық Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 31.03.2023

Бүгінгі күні телефон нөмірін ауыстыру «Электрондық үкімет» порталы немесе Egov мобильдік қосымша арқылы мүмкін.

Телефон нөмірін ауыстыруды пайдаланушылар бұрын Жеке кабинетте өз нөмірін тіркегендер жасай алады. Егер Сіз әлі тіркемесеңіз, «Көмек» бөлімінде берілген нөмірді тіркеу бойынша нұсқаулықты пайдаланыңыз. Әйтпесе, осы рәсім Мобильді үкіметте тіркелу жөніндегі нұсқаулық ретінде аталады.

«Электронды үкімет» порталы арқылы телефон номерін ауыстыру.

  1. www.egov.kz сілтемесі бойынша порталға кіріңіз
  2. «Кіру» батырмасын басыңыз, бұдан әрі ЖСН мен порталда есеп жазбасынан парольді енгізіңіз немесе ЭЦҚ бойынша кіріңіз. (1-сурет)

1-сурет

  1. «Жеке кабинет» батырмасы бойынша Жеке кабинетке кіріңіз. (2-сурет)

2-сурет

  1. Жеке кабинетте «Телефон» бағанында редакциялау белгісін таңдаңыз. Жаңа телефон нөмірін көрсетіңіз, сондай-ақ кодтық сөзді енгізіңіз. «Сақтау» батырмасын басыңыз. (3-сурет)

3-сурет

  1. Жаңа көрсетілген нөмірге келген смс-код нөмірін ауыстыруды растаңыз. Бұдан әрі «Растау» батырмасын басыңыз. (4-сурет)

4-сурет

  1. Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз (5-сурет)

5-сурет

 Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы телефон нөмірін ауыстыру.

  1. EGov mobile мобильді қосымшасын ашыңыз.
  2. ЭЦҚ көмегімен қосымшада авторизацияланыңыз
  3. «Профиль» бөліміне, одан әрі «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.
  4. «Телефон нөмірі» алаңында оң жағынан «өзгерту» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде жаңа нөмірді енгізіңіз.
  5. Нөмірді ауыстыруды жаңа көрсетілген нөмірге келетін смс-кодпен растаңыз. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  6. Телефон нөмірін өзгерту үшін «жылдам қолжетімділік кодын», «Touch id» немесе «Face id» енгізіңіз.
  7. Сіздің телефон нөміріңіз ауыстырылды.

         

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.