Айдар парағына өту

ЖК қалай ашылады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.06.2021

Өзіңіздің шағын бизнесіңізді ашу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу жеткілікті (ЖК).

ЖК мәртебесі дұрыс есептеліп, салық төленсе, Сізге заңды түрде өз кәсібіңізбен айналысу мен одан пайда табу құқығын береді.

Жеке кәсіпкер ретінде сіз басқа серіктестермен және ұйымдармен заңды түрде ынтымақтастық жасай аласыз. Ал әлеуетті клиенттер ресми тіркелген кәсіпкерлерге көбірек сенуге бейім.

Бұл материалда жеке кәсіпкерді тіркеу шарттары, салық салу режимі және жеке кәсіпкерді онлайн тіркеу туралы ақпарат бар.

​1. ЖК тіркеу шарттары

Жеке кәсіпкерлік жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлікті бір жеке тұлға дербес өзі оған тиесілі мүлік негізінде  жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті оларға жалпы меншік құқығы негізінде тиесіл мүлік негізінде жеке кәсіпкерлер тобы жүзеге асырады.

Егер Сіз:

  • тұрақты негізде қызметкерлердің еңбегін пайдалансаңыз;
  • жылдық табысыңыз ең төменгі жалақының 12-ге еселенген мөлшерінен, яғни 12 х 42500 = 510 000 теңгеден (2019 жылдың ең төменгі жалақысы ЕТЖ – 42 500 теңген құрайды) ассатын болса, Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.

Олай болмаса, сіздің қызметіңіз заңсыз болып есептеледі және де ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.

2. ЖК үшін салық режимдері

Салық салудың бірнеше режимі бар, олардың біреуі таңдалғаннан кейін жеке кәсіпкер тіркеледі.  Олардың негізгілерін атап өтейік:

ЖК қалай ашылады

1. ЖК тіркеу шарттары

Салық салудың жалпы белгіленген режимі

Салық салудың жалпы белгіленген режимін қолданатын ЖК жыл сайын (келесі жылдың 31 наурызына дейін) жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын ұсынады.

Салық декларациясында есепті кезеңде алынған табыс («кірістерден» «шығыстарды» шегергенде) есептеледі, ол 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС салу объектісі болып табылады.

Оңайлатылған декларацияға негізделген арнайы салық режимі (АСР)

Төмендегі талаптарға сәйкес келетін, атап айтқанда:

  • кезең үшін жұмыскерлердің орта тізімді саны - 30 адамға дейін;
  • кезеңдегі кіріс - 24 038 АЕК-тен аспайды (2019 жылы 60 695 950 теңге) салық төлеушілер қолданады. 

Жеңілдетілген салық декларациясы кірістің 3%-ын құрайды.

Патент негізіндегі арнайы салық режимі (АСР)

Патент негізіндегі АСР-ды:

  • жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын;
  • жылына шекті кірісі 3 528 АЕК-тен аспайтын (2019 жылы 8 908 200 теңге) жеке кәсіпкерлер қолданады.

Патентке негізделген АСР үшін жеке табыс салығы мынадай:

       • сауда саласындағы қызмет үшін 2% (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы сауда - 1%);

      саудадан басқа қызмет үшін - 1%.

3. Жеке кәсіпкерді тіркеу

ЖК ретінде тіркелу үшін Сізге салық органына кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлау қажет.

Хабарлама жолдама берілген сәттен бастап бизнесті жүргізуге мүмкіндік береді және өз алдына ЖК ретінде тіркеуге алынғандығын растайды.

Хабарландыру қызметі толығымен автоматтандырылған, 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және ақысыз түрде ұсынылады.

ЖК-ны онлайн режимінде тіркеу

Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жөнелту үшін elicense.kz электрондық лицензиялау порталында тіркелу қажет. Ол үшін Сізге ЭЦҚ алу қажет. Толық нұсқаулықпен осы жерде танысуға болады.

Тіркеуден кейін қызметтің «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама» деген бетіне өтіңіз.

Қызмет бетінде «Қызметке онлайн режимінде тапсырыс беру» батырмасын басу керек, содан кейін Сізге лицензиарды таңдау ұсынылады, яғни Сіз бекітілетін салық органы.

Содан кейін жеке кәсіпкердің аты-жөні, мекен-жайы, қызмет түрі (ЭҚЖЖ) туралы ақпаратты көрсете отырып, өтінішті толтырып, салық салу режимдерінің бірін таңдаңыз. Әрі қарай, өзіңіздің ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз.

Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде «Менің рұқсаттарым», содан кейін «Хабарламалар» бөлімінде берілген өтініштің мәртебесін бақылап, хабарлама ала аласыз. Осылайша ЖК-ны электрондық түрде тіркеу рәсімі өтеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.