Айдар парағына өту

Қазақстанда ломбард қалай ашуға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.09.2021

Ломбард ашу

Өз ісін ашар алдында болашақ бизнесмендер қалай бастау керек және барлық құжаттарды рәсімдеуді неден бастау керек деген сұрақтарды жиі қояды. Осы мақалада біз ломбард пен айырбастау орнын жаңадан ашу: ол үшін не істеу керек, қандай құжаттар және рұқсаттар талап етілетінін қарастырамыз.  

Ломбард ашу 

Жалпы Қазақстанда ломбрадты ашу қиын емес. Осындай бизнесте ең бастысы ломбардтық бизнес үшін құрылған барлық заңнамалық органдардың талаптарын сақтау болып табылады.  Ломбард қызметін жүзеге асыру үшін ломбарды қызметімен ЖШС тіркеу қажет.   

Ломбардтардық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі   (ҚР АК 328 бабының). 

Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін Ломбард операцияларын жүргізу ережелері болғанда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпарат:

  1. Берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;
  2. Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;
  3. Операциялар жүргізгені үшін ставкалар мен тарифтер;
  4. Ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
  5. Кепілге салу билетін жоғалтқан жағдайда кепіл берушіге дубликаттар беру тәртібі;
  6. Өзге де талаптар қамтылуға тиіс.

Ломбардтар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті ".

Ломбард операцияларын жүргізу ережелері ломбардтың клиенттері көре алатындай жерге орналастырылуға тиіс. 

Бұл ережелерден басқа ломбардта  ломбардтың ішкі ережелері болуы тиіс, онда:

  • Ломбард бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;
  • Ішкі аудиттің, кредиттік комитетінің және өзге тұрақты әрекет ететін органдардың  функциялары мен өкілеттіктері    (олар болса);
  • Құрылымдық бөлімшелер басшыларының  құқықтары мен міндеттері;
  • Ломбард атынан және оның есебінен мәмілелер жасаған кезде ломбардтың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің  өкілеттіктері белгіленеді.

Ломбардтардың қызметін құқықтық реттеу  

     Ломбардтардың қызметі туралы негізгі ережелер Азаматтық кодекстің   328 бабымен  регламентелген. Осылайша, осы баптың 1 тармағына сәйкес  қысқа мерзімді қарыздарды қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады, олардың қызметінің айрықша түрі:

  1. Жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беру;
  2. Құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алу, сақтау және сату болып табылады.

Сонымен, ломбардтағы операциялар негізінде  қарыз берімен,  қымбат металдар мен тастарды, автокөлікті, тұрмыстық заттарды және т.б. сатып алумен, сақтаумен , байланысты.

ЖШС ретінде тіркелу  

2006 жылдан бастап Лицензиялау туралы заңнамаға енгізілген түзетулер нәтижесінде Қазақстандағы ломбард қызметі лицензияланбайды. Заңды тұлғаны тіркеу туралы  куәлікті алу үшін алдымен сізге ЖШС ретінде тіркелу қажет. ЖШС тіркеу қалай өтетіні туралы толығырақ сіз «электронды үкімет» порталында «Қазақстанда бизнесті ашқанда нені білу керек?» мақаласында ұсынылған ақпараттан біле аласыз.

ЖШС ретінде «электрондық үкімет» порталы арқылы» онлайн режимінде  тіркелуге болады. Ол үшін сізге  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілеттіктерін есептік тіркеу», қызметін пайдалану қажет, немесе сіз куәлікті Халыққа қызмет көрсету орталықтары  арқылы ала аласыз (НАО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ).

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.