
Біздің көбіміз биржада брокерлер жұмыс істейтінін және негізінен олардың жұмысы әр түрлі бағалы қағаздарды сатуға негізделген, бірақ брокерлер деген кім екені, брокер болып жұмыс жұмыс істеу неге беделді болып есептеледі және брокерлер немен айналысатыны туралы нақты түсінікті екінің бірі білмейтіні анық.
Кім брокер бола алады?
Алдымен кім брокер бола алатынын анықтайық. Брокер құнды қағаздар нарығындағы сатушы және сатып алушы арасындағы делдал ролін атқарады. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес, жеке тұлғалар бағалы қағаздармен мәмілелерді заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, тек лицензиясы бар брокер арқылы ғана жүзеге асыруға құқылы. Ол тек брокер - клиент есебінен және оның мүдделерінде қаржы нарықтарында операциялар жасайтын, нарықтың кәсіби қатысушысы арқылы ғана жасай алады. Брокерде міндетті тәртіпте бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және биржаның тікелей қатысушысы болуы тиіс. Брокер клиент үшін сатып алынатын бағалы қағаздардың иесі болып табылмайды және өз жұмысы үшін комиссиялық түрінде сыйақы алады. Клиенттің брокерге бағалы қағаздар нарығында көрсеткен қызметі үшін сыйақыны төлеу шарттары мен тәртібі брокердің ішкі құжаттарында және (немесе) брокер мен клиент арасында жасалған шартта белгіленеді.
Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокерлік ұйым акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады. Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік ұйым өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында жүзеге асыруға құқылы.
Ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптар және қызметті жүзеге асыру шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Брокерлік компанияның құрылтайшылары мен акционерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке және заңды тұлғалары бола алады. Меншікті капиталдың мөлшеріне, пруденциялық нормативтерге және өзге де міндетті қаржылық көрсеткіштерге қойылатын талаптар «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен, оның ішінде брокерлер және (немесе) дилерлер үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу қағидаларымен айқындалады.
Лицензияны алу үшін өтініш беруші мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
- өтініш берушінің басқару органы бекіткен, жақындағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер, онда лицензияны алу мақсаты, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылға арналған қаржы жоспары, инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері және басқалар көрсетілуі тиіс;
- бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтың болуы;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ұйымдық құрылымының болуы;
- Өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.
Лицензиат тек:
- Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттарын және тәртібін;
- Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;
- Лицензиаттың және оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін белгілейтін ішкі құжаттары болғанда ғана бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Лицензия алу үшін өтініш беруші "Е-лицензиялау" АЖ арқылы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттікке тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидаларында айқындалған құжаттарды ұсынады. Лицензия уәкілетті орган тарапынан бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтату және қайтару ережелерімен белгіленген мерзімде беріледі, аталмыш ережелер уәкілетті орган басқармасының қаулысымен бекітілген.
Брокер қызметін бақылау жүзеге асырыла ма?
Брокерлердің қызметі уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауға жатады. - деп ауыстырылсын. Брокерлер уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығындағы қызмет туралы есептерді беруге тиіс, оларды ұсыну мен мерзімділігі тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Бұдан басқа, уәкілетті орган бақылау мен қадағалауды Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңға сәйкес тексеруді жүргізу нысанында және өзге нысандарда жүзеге асырады. Тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде жүргізіледі, тексерілетін объектілердің қызметін жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер кешенді немесе олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша іріктеп жүргізіледі.
Сондай-ақ, уәкілетті орган өзге де қадағалау және бақылау нысандарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған ақпаратты және есептілікті талдау, олардың қаржылық жағдайын нашарлататын факторларды айқындау үшін қаржы ұйымдарының қызметін талдау (қашықтан бақылау) және т.б. жолымен жүзеге асырады.
- Брокерлер қызметіне тексерулерді жүзеге асыру үшін:
- инвесторлардың өтініштері;
- бағалы қағаздарды ұстаушылардың өтініштері;
- бағалық қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіби ұйымдардың өтініштері;
- тексеруді жүргізу немесе уәкілетті орган қызметкерлерінің тексеруге қатысуы туралы соттың ұйқарымы, прокурордың немесе анықтау және алдын-ала тергеп тексеру органының қаулысы;
- брокер қызметі туралы есептерді қарау барысында уәкілетті органмен анықталған сәйкессіздіктер;
- бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау, инсайдерлік ақпаратты, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы;
- бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуының уәкiлеттi органға мәлiм болған өзге де фактiлерi негiздеме болып табылады.
Тексерулер уәкілетті орган басшысы бекіткен, тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде, әдетте, ұйымның нақты орналасқан жері бойынша жұмыс күндерінде жүзеге асырылады. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтың әр айғағы бойынша акт жасалады. уәкілетті орган қадағалау шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
Брокерлік лицензияны қандай себептер бойынша тоқтатуы мүмкін?
Жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер нәтижесі бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қадағалау шараларын, соның ішінде лицензияның күшін уақытша тоқтату шарасын қолдануға құқылы:
- лицензияны алу үшін немесе брокер қызметі туралы есепті қарау үшін ұсынылған құжаттарда күмәнді ақпарат айқындалған;
- лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттардағы өзгерістер туралы ақпаратты бермеген;
- біліктілік талаптар сақталмаған;
- бағалық қағаздар нарығындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын, сондай-ақ брокердің ішкі құжаттарын бұзған;
- уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;
- уәкілетті органның талабы бойынша міндеттеме-хатты ұсынбаған;
- уәкілетті органмен жазбаша келісімді жасаудан бас тартқан;
- лицензияның қолданысын ерікті тоқтата тұру туралы жазбаша өтініш болған;
- брокердің алты және одан көп ай ішінде оны жүзеге асыруға лицензия берілген қызметті жүзеге асырмағаны;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалы қағаздар нарығындағы қызметі туралы мәліметтерді ұсыну туралы талаптарды орындамаған;
- Брокерлерге тыйым салынған немесе шектелген қызметті жүзеге асырған;
- Брокердің басқарушы қызметкерлерінің келісімімен байланысты талаптарды бұзған;
- «Қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризімді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (соңғы он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет) бұзған жағдайда лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқылы.
Лицензияларының әрекеті тоқтатылған брокерлер, белгіленген мерзім ішінде анықталған бұзушылықтарды анықтауға және бұл туралы лицензиялаушы органға есепті ұсынуға міндетті. Брокердің есебін қарастырудың оң нәтижелерінде тоқтатылған лицензияның әрекеті жаңартылуы мүмкін.
Брокерлік лицензиядан қандай жағдайларда айрылуға болады?
Уәкілетті орган :
- лицензияны тоқтата тұру себептері жойылмаған;
- бағалық қағаздар нарығындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын, сондай-ақ брокердің ішкі құжаттарын жүйелі түрде (соңғы он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет) бұзған;
- уәкілетті органның ұйғарымдарын жүйелі түрде (соңғы он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет) орындамаған;
- соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде ол үшін лицензияны тоқтата тұру түріндегі санкция қолданылған «Қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген талаптарды қайта бұзған;
- лицензиаттардың ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқаны;
- осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде белгіленген өзге негіздер болған жағдайда бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыруға құқылы.
Лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат 10 жұмыс күн ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.