Айдар парағына өту

Су айдындарында өзіңді қалай ұстау керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.06.2023

Жағажайда тек түске дейін жəне кешкі бестен кейін болуға тырысыңыз.

Суға ақырындап түсу.

Жағаға жақын жерде жүзіңіз.

  • мас күйінде суға шомылмаңыз, сүңгімеңіз;
  • жабдықталмаған, тыйым салынған, бейтаныс жерлерде, ресми жағажайлардан тыс жерлерде суға шомылмаңыз, сүңгімеңіз;
  • айлақ жəне кемежай жанында суға шомылмаңыз, сүңгімеңіз;
  • балалар мен қарттарды суда жəне жағалауда қараусыз қалдырмаңыз;
  • тамақтанғаннан кейін бірден суға шомылмаңыз;
  • көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден суға секірмеңіз;
  • катерлерге жармаспаңыздар жəне бортта отырмаңыз;
  • үрмелі матрастарда жəне автокамералар үстінде жүзбеңіз;
  • қоршау белгілері мен буйкадан əрі жүзбеңіз;
  • өтіп бара жатқан катерлерге, пароходтарға жəне қайықтарға жүзіп бармаңыз;
  • жағадан алыс жерге жүзбеңіз;
  • жалған дабыл белгілерін бермеңіз.

Егер бата бастасаңыз

  • сабырлық сақтаңыз;
  • қол мен аяқтарыңызды кеңінен жайыңыз;
  • суды өз астыңызға жинап, жағаға қарай жүзіңіз.

Егер құрысу жағдайы болса

  • саусақтар - жұдырығыңызды тез күшпен қысыңыз, қолыңызбен өткір қозғалыс жасаңыз жəне жұдырығыңызды босатыңыз;
  • балтыр бұлшықеті - құрысып қалған аяқтың табанын ұстап, күшпен өзіңізге тартыңыз;
  • сан - аяғыңыздың тобығын сыртынан ұстап, тізеге бүгіп, арқаға қарай артқа тартыңыз.

Құтқару қызметіне қоңырау шалу үшін 112 нөмірін теріңіз

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.