Айдар парағына өту

Заңды тұлғаларды қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру қандай жағдайларда қажет? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.09.2021

Пайдалы сілтемелер:

Қандай да бір тіркеу әрeкеттерін жүргізе отырып, әр кәсіпкерді «Оларды тіркеу керек пе? Қалай тіркеу керек? Компаниядағы сол немесе өзге өзгерістерді нормативті қалай бекіту керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайтыны анық. Мақаладан заңды тұлғаларды қандай жағдайларда қайта тіркеу қажеттігін, қайта ұйымдастыру деген не екенін және аталмыш операциялар қалай жүргізілетіні туралы білесіз.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру – бұл заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның құқықтық жағдайының тоқтатылуы немесе өзге де өзгеруі.

Қайта тіркеу - белгілі бір әрекеттерді жүргізгеннен кейін тіркеу құжаттарына өзгертулер енгізуді тіркеу. 

Қайта ұйымдастырудан қайта тіркеудің басты айырмашылығы жүргізілетін өзгертулер сипаты болып табылады. Мысалы, атауын өзгерткенде кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қажеті жоқ, бірақ міндетті түрде қайта тіркеу керек. Сондай-ақ егер қатысушылар/құрылтайшылар құрамы өзгерсе, ал кәсіпорын басқа заңды нысандарға біріккенде//қосу/бөлу/бөлiп шығару/қайта құру қайта ұйымдастыру қажет.

Егер қайта ұйымдастыруда жаңа заңды тұлғалар бөлінсе, оларды тіркеу қажет. Көбінесе, қайта ұйымдастыру нәтижесінде сондай-ақ қайта тіркеу талап етілуі мүмкін. Қайта ұйымдастыру және қайта тіркеу шарттарымен сіз төменде таныса аласыз.

Қайта тіркеу қандай жағдайларда қажет?

Азаматтық кодекстің 42-бабына сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркеуге жатады:

  • жарғылық капиталдың мөлшерін азайту;
  • атауын өзгерту;
  • шаруашылық серіктестіктеріне қатысушылардың құрамын өзгерту (бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелерін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы шаруашылық серіктестігінің қатысушыларының тізілімін жүргізетін шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда).

Филиалдар және өкілдіктердің атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.

Заңды тұлғаны қайта тіркеусіз көрсетілген негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер жарамсыз болып табылады.

Қандай жағдайларда компанияларды қайта ұйымдастыру қажет?

  • біріккен жағдайда: 2 және одан да артық заңды тұлғалар бір заңды тұлғаға қосылғанда;
  • қосылу жағдайында  - бір немесе бірнеше заңды тұлғалар басқа заңды тұлғаға қосылғанда;
  • заңды тұлға екі немесе одан да артық заңды тұлғаларға бөлінген жағдайда;
  • бөліну (бірінші заңды тұлға әрекетін жалғастырып, заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғалар бөлінгенде);
  • қайта құру (бір ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға басқа ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаға өзгергенде).

Заңды тұлғаны қайта тіркеу тәсілдері

Операциялар жүргізудегі тіркеу жарнасының мөлшері

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру тәсілдері

Қайта тіркеуден өткеннен кейін сізде мынадай құжаттар болуы тиіс:

Қайта ұйымдастырудан өткеннен кейін сізде мынадай құжаттар болуы тиіс:

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.