Айдар парағына өту

Нұр-Сұлтан қаласында итті қалай ұстау және серуендету керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 24.09.2020

Әрбір облыста және республикалық маңызы бар қалаларда мәслихаттың шешімімен иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары бекітіледі. Егер сіз итті және / немесе мысықты ұстауды шешсеңіз, немесе сізде бұрыннан бар болса, онда оны ұстау және серуендету қағидаларын білуіңіз және  сқтауыңыз қажет.Әр облыста және республикалық маңызы бар қалаларда қағидалар айырмашылықтарға ие, бірақ жалпы қағидалар бірдей. Бұл материалда біз Нұр-Сұлтан қаласының мысалын пайдаланып иттерді қалай ұстау және серуендету керектігін қарастырамыз.

Қандай иттер иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететіндерге жатады?

Иттер, қарапайым иттерден басқа, және иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететіндер ретінде  Қағидаға сәйкес мынадай болып бөлінеді.Оларға келесі тұқымды иттері кіреді:
● американдық питбультерьер;
● американдық Стаффордшир Терьер;
● бультерьер;
● Стаффордшир бультерьер;
● ротвейлер;
● жоғарыда аталғандардың будандастырылған түрлері.
 

Мұндай иттер үшін қысқа жіппен және тұмылдырықпен, тек еркін серуендеуге арналған алаңдарда немесе жаттығу алаңдарында серуендетуге рұқсат етіледі. Қала аумағында еркін серуендетуге тыйым салынады. Иттің иесі ретінде тек 21 жастан асқан адам бола алады.

 

Жануарларға  екпе жасау  және бірыңғай базада тіркеу қажет пе?

Кәдімгі иттің иесі 18 жасқа толған адам бола алады. Жануарлардың санына ешқандай шектеулер жоқ.Егер сізде ит немесе мысық болса, барлық жануарларды иттер мен мысықтарды бірыңғай бірдейлендіру базасында тіркеуіңіз керек (мамандандырылған ұйым немесе ветеринарлық клиникаларда).Жаңадан туылған жануарларды 3 айлық жасынан бастап тіркейді.Қолына ветеринариялық паспорт беріледі. Жануарды басқа адамға берген немесе олармен бірге басқа жерге көшкен жағдайда, ветеринарға хабарлау қажет. Үй жануарлары өліп қалған жағдайда, ветеринариялық паспорт тапсыруға жатады.3 айдан бастап иттер мен мысықтар міндетті түрде құтыруға қарсы егіледі.Тоқсан сайын кемінде 1 рет тері паразиттері мен гельминттерге қарсы профилактикалық емдеу жүргізілуі керек.Иттер және / немесе мысықтар тиісті гигиена мен ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау қажет.

Көпшілік пайдаланатын орындарда ұстауға тиым салынады :

  • баспалдақ алаңдарында,
  • жертөлелерде,
  • шатырларда,
  • шектес қылтималарда немесе лоджияларда,
  • басқа да көпшілік пайдаланатын қосалқы үй-жайларда,
  • үй ауласының маңында.

Иттерді және/немесе мысықтарды жатақханалардың асүйлері мен дәліздерінде ұстауға болмайды. Жануарларды өзінің тұрғын алаңында және жатақханадағы тұратын көршілердің жазбаша келісімімен ұстауға рұқсат етіледі.Итті кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтардың саябақ шаруашылықтары мен коммерциялық емес саяжайлар бірлестіктері аумағында, демалыс орындарында байлаулы түрде (бұл ретте ит тамақ пен суға еркін қол жеткізе алуы тиіс, байлау жануардың табиғи қажеттіліктеріне кедергі келтірмеуі тиіс) немесе жабық темір торда (вольерде) ұстауға болады. Аумақта иттің бар екендігі туралы кіре берісте тиісті тақтайшамен ескертілуі тиіс.

Иттерді қайда серуендеуге болады

Итттерді (жіпсіз және тұмылдырықсыз) еркін серуендетуге рұқсат етіледі:

● еркін серуендету алаңдарында,
● иттерге арналған жаттығу алаңдарында.

 

Иесі итке тұмылдырықты үнемі кигізбеуіне болады, бірақ қажет болған жағдайда кигізу үшін оны өзімен бірге алып жүруі керек.Серуендеу кезде аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ алаңдарын, лифттерді, ойын алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, скверлерді, саябақтарды, демалыс аймақтарын ластауға болмайды. Иесінің жанында өзімен пакеттер болуы керек және қажет болған жағдайда экскременттерді бірден алып тастап, пакетті қоқыс жәшігіне тастау қажет.Мас күйінде болған адамдарға иттерді серуендеуге және олармен бірге қоғамдық орындарда және көлік құралдарымен жүруге тыйым салынады.

Иттерге серуендеуге тыйым салынады:

  • қоршалған балалар мен спорт алаңдарында,
  • мектепке дейінгі балалар және мектеп мекемелерінің аумақтарында,
  • емдеу мекемелерінің аумақтарында,
  • тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде,
  • адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақтарда. Жануарды тоғандарда, субұрқақтарда және су жинағыштарда шомылдыруға және жууға болмайды.

Иттердің қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, сервистік қызмет көрсететін азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, мәдени мекемелерде болуына тыйым салынады.Тыйым салған ескерту белгісі жоқ мекемелер мен азық-түлік сатпайтын дүкендерде, поштада және тағы басқа орындарда иелері иттерін қысқа мойын жіпте және тұмылдырықта ертіп жүруге рұқсат етіледі.

Иелеріне қандай талаптар қойылады

Ит және / немесе мысық иелері келесі талаптарды сақтауы тиіс:

  • иттерді және / немесе мысықтарды физикалық және физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес ұстау,
  • оларға ізгілікпен қарау және қатыгез қарауға жол бермеу,
  • жануарларды қажетті азық түлікпен және ауыз суға үнемі қол жеткізу;
  • иттермен және / немесе мысықтармен ауырған жағдайда дереу мамандандырылған ұйымға немесе ветеринарлық клиникаға хабарласыңыз және тексеру нәтижелері бойынша ветеринардың ұсыныстарын қатаң сақтаңыз.
  • иттерді және/немесе мысықтарды ұстау мүмкін болмаған жағдайда жануарларды басқа иелерге, ұйымдарға беру немесе үй жануарларын аулау жөніндегі мамандандырылған ұйымға тапсыру
  • иттер мен мысықтардың мазасыздық тудырмайтын және айналасындағыларға қауіп тудырмайтын мінез-құлқын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау,
  • иттер мен мысықтардың терісін және етін сату, өңдеу және тұтыну үшін одан әрі пайдалану мақсатында аулауға жол бермеу.

Егер жануар өліп қалса не істеу керек.

Егер жануар өліп қалған болса, бұл туралы иттер мен мысықтарды бірдейлендірудің бірыңғай базасынан шығарып тастау үшін, бұл туралы бұрын тіркелген ұйымға хабарлау керек.Иттің және / немесе мысықтың өліктерін лақтырып тастауға және оларды Нұр Сұлтан қаласының аумағында көмуге рұқсат етілмейді.Иттер мен мысықтардың өліктерін үй жануарларын аулайтын және жоюмен айналысатын мамандандырылған ұйымға тапсырылады.

Иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік

Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Егер іс-әрекеттер жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соқса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.Жануарлардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездігі үшін иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қатыгездік танытқаны үшін жазаланады

  • 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу,
  • сол мөлшерде түзеу жұмыстарына,
  • 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту,
  • 60 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу

Адамдар тобының немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше рет жасаған іс-әрекеттері үшін жазаланады

  • 500 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу,
  • сол мөлшерде түзеу жұмыстарына,
  • 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту
  • 90 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.