Айдар парағына өту

Үлескерлік құрылыс шарты бойынша салынған пәтерді салушыдан қалай алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.06.2020

Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу шарты бар пәтерді сатып алуда құрылысқа дейінгі және одан кейінгі көптеген аспектілерді ескеру қажет. Үлескерлік қатысу шартын жасасқанға дейін қандай шараларды қабылдау керектігі және тұрғын үйдің үлескерлік құрылысы аяқталғанда нені тексеру керектігі туралы «Қазақстандағы үлескерлік құрылыс: үлестік қатысу шартымен тұрғын үйді сатып алуда оларды қалай қауіпсіздендіруге болады» атты мақаладан біле аласыз.  

Көптен күткен тұрғын үй құрылысының аяқталуына аз қалғанда, екі тарап – салушы мен пәтер иесі шартта көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қажетті тексеруді ескермейтін жағдайлар жиі кездеседі. Салушы-компаниялар қабылдау-тапсыру актісіне пәтерді тексерместен, тікелей компания кеңсесінде қол қоятын жағдайлар да белгілі. Шамадан тыс асығыстық, құрылыс компанияларының ниетінің адал болмауы және азаматтардың бұл мәселедегі сауатсыздығы болашақта пәтерде тұрғанда пайда болатын үлкен келеңсіздіктердің себебі болуы мүмкін.

Пәтерді тексергенге дейін және қабылдағанға дейін не қажет?

Егер сіз пәтерді жаңа құрылыстан алуға қатаң шешімге келсеңіз, онда келесі қадам – ыңғайлы тұрғын үй кешенін және сенімді құрылыс компаниясын ізду болады. Неден бастау керек? Әрине, интернеттен. Объекттің өзі туралы ақпараттан басқа (орналасқан жері, құрылыс кезеңі, үй типі және т. б.) салушының беделі туралы бірден мұқият анықтаңыз. Ол қандай объектілерді салып бітті, оның қатысуымен атышулы даулар болған жоқ па, объектілерінің сатылу табыстылығы туралы. Форумдарда ТК және құрылыс салушы туралы пікірлерді оқыңыз немесе сол жерден пцтер сатып алған адаммен сөйлесііңіз. Компанияның ресми сайтында құрылыстың тапсырыс берушісі, бас мердігері, рұқсат беру құжаттары, лицензиялар туралы ақпарат болуы керек. Егер олардың сайтында құжаттар жоқ болса, онда менеджерден оларды сізге көрсетуді сұраңыз. Сондай-ақ осы салушының банктермен серіктестік бағдарламасы бар-жоғын біліңіз. Әсіресе осы тұрғыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі белсенді. Мұндай жағдайда ипотеканы пайдалануға тапсырылмаған тұрғын үй кешеніне де береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер және банктермен серіктестік жақсы сенімділік көрсеткіші болуы мүмкін. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады. Мердiгерден объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады. Мердiгерден объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды сұратады. Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады.

Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға міндетті. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды. Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектiнi пайдалануға қабылдау осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды ұсыну – жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды.

Компания-салушыдан хабарламаның түсуін мұқият қадағалаңыз: егер іздің мекен-жайыңыз ауысса, бұл туралы хабардар ету қажет. Сирек жағдайларда, үлестік қатысу шартында егер тапсырыс беруші пәтерді тексеру және қайта тексеруге келмесе, онда оның наразылықтар мен шағымдары жоқ деген тармақ қосылады.

Салынған тұрғын үйге барлық талаптар шартта көрсетілген тұрғын үй құрылысына қойылатын ең аз талаптарына сәйкес болуы тиіс. Кілтті жылдамырақ алып кету үшін, пәтерді мұқият тексеріп алмай актіге қол қоюға асықпаңыз. Егер сіз пәтерді қабылдауға сауатты түрде кірісіп барлық кемшіліктерді белгілесеңіз мұнан былай өзіңізді және өз тұрғын үйіңізді қауіпсіздендіресіз, жөндеуге кететін шығындарды азайтасыз. Құрылыс компаниясы шарт міндеттемелері және нақты салынған тұрғын үй арасындағы барлық сәйкессіздіктерді түзетуге міндетті, егер өз еркімен болмаса, онда сот тәртібімен.

Егер кемшіліктерді түзету бойынша міндетті құрылыс компаниясына бекітпей қабылдау актісіне тексерусіз немесе тез танысып қол қойсаңыз, сіз оларды өз бетіңізше түзетуге автоматты түрде келісесіз.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңның бірінші бабына сәйкес келісім-шартта кепілдік мерзімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Кепілдік мерзімі – бұл құрылыс салушы, уәкілетті компания және мердігер ( жобалау-сметалық құжаттамаға және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауға кепілдік беретін уақыт.

Жаңа құрылыстаңы пәтерді қабылдауда нені қарау керек?

Егер салушыдан пәтерді қабылдауда кемшіліктер анықталса

Салушы және үлескер шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаса?

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.