Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару.
Қазіргі уақытта төлем келесі аймақтар үшін қолжетімсіз:
Акмола облыстық МКД
Актөбе облыстық МКД
Алматы облыстық МКД
Атырау облыстық МКД
Шығыс-Қазақстан облыстық МКД
Жамбыл облыстық МКД
Батыс-Қазақстан облыстық МКД
Қарағанды облыстық МКД
Қызылорда облыстық МКД
Қостанай облысы бойынша МКД
Манғыстау облыстық МКД
Павлодар облыстық МКД
Солтүстік Қазақстан облыстық МКД
Түркістан облыстық МКД
Шымкент қалалық МКБ
Ақпараттық технологиялар паркі МКБ
Астана қалалық МКД
«Астана-жаңа қала» МКБ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
- өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
- жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша:
- Техникалық паспорттың телнұсқасын беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі
- Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат.
- Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасы.
Порталда - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.