Айдар парағына өту

Мемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады және оған кімнің құқығы бар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 29.05.2020

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу. Тұрғын үй алуға кезекке қою тәртібі туралы біз аталмыш мақалада айтамыз.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың жалпы сызбасы мынадай түрде болады:

  • Әкімдікке қажетті құжаттарды жинау және беру немесе  онлайн. 
  • Егер құжаттарда бәрі дұрыс болса – 30 күнтізбелік күн ішінде хабарламаны алу және кезекті бақылау (оны онлайн жасау керектігін біліңіз).
  • Тұрғын үй комиссиясының құжаттарды қарауы және шешімді беру (қалай болатынын қараңыз).
  • Шарт жасасу (үлгілік үлгі қалай болатынын біліңіз) және тұрғын үй алу.

Тұрғын үйдің қандай түрлері бар?

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады?

ҚР баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзміне қарамастан).

Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан мынадай тұлғаларға ұсынылады (әкімдіктер жалға алған пәтерлер, егер қорға кірсе):

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларға (онлайн жеңілдіктердің болуы туралы анықтама алу*);
  • жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;
  • республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3,1 есе төмен отбасының әр мүшесіне баспана ұсыну туралы жүгінер алдында соңғы он екі ай үшін жиынтық орташа айлық табысы бар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына. Ең төменгі күнкөрістің 3,1 есе мөлшерінің коэффициенті жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;
  • мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлікке үміткерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға;
  • ҚР заңнамасына белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтарға.

*Ескерту. Жеңілдіктердің болуы туралы анықтаманы (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға, әскери-интернационалистерге)  онлайн алуға болады, ол үшін ЭЦҚ керек емес. Сіз  туысқандарыңызға да көмектесесіз, себебі анықтаманы тек өзіңізге ғана емес, сонымен қатар туысқаныңызға да ала аласыз.

Бұл жерде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж болып табыласыз, егер:

  • коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке қоюда және ұсыну сәтінде ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үй болмаса;
  • есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;
  • өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса;
  • сіздің отбасыңыз тұрып жатқан баспана белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермесе;
  • біріккен оқшауланбаған тұрғын бөлмелерде екі және одан да артық отбасы тұрса;
  • сіздің отбасыңызда кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын науқастар болса (ҚР Үкіметінде бекітілген аурулардың тізімі бойынша), онда бір бөлмеде (пәтерде) бірге тұру мүмкін емес.

Отбасыға қосымша баспана ұсынылатын аурулар тізімі:

Мемлекеттен тұрғын үйді кім бөледі?

Мемлекеттен тұрғын алаңының қандай мөлшеріне үміткер болуға болады және тұрғын үй қандай болуы тиіс?

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?

Мемлекеттен тұрғын  үйді қалай алуға болады немесе қандай жағдайда маған бас тартуы мүмкін?

Қандай жағдайларда және қандай негіздерде тұрғын үй алуға кезекке қоюдан бас тартуы мүмкін?

Қандай жағдайларда тұрғын үй алуға кезектен алып тастауы мүмкін?

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.