Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасы 2026 жылға арналған өндірістік күнтізбе Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.03.2026

Жұмыс уaқытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс екендігі 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68 - бабында көзделген.

Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Сондай-ақ Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу көзделген:

  1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:
  • он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын
  • он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын
  1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Осы тармақта белгіленген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге қолданылады.

Жұмыс беруші өндірістік объктілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі.

Жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерінің негізінде беріледі.

  1. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын.

Жұмыс уақытының есебін жүргізу

Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу

Кодекстің 79-бабына сәйкес ұйымдарда қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алу жүзеге асырылуға тиіс.

Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Қазақстан Республикасында атап өтілетін мереке күндері:

ұлттық мереке:

  • 25 қазан – Республика күні​

мемлекеттік мерекелер:

  • 1-2 қаңтар - Жаңа жыл
  • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
  • 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы
  • 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
  • 7 мамыр - Отан қорғаушы күні
  • 9 мамыр - Жеңіс күні
  • 6 шілде - Астана күні
  • 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
  • 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

2026 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:

бес күндікте:

  • 8 наурыздан 9 наурызға
  • 21, 22 наурыздан 24, 25 наурызға
  • 9 мамырдан 11 мамырға
  • 30 тамыздан 31 тамызға
  • 25 қазаннан 26 қазанға

Кодекстің 84-бабына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні еңбек шарты және еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді. 

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады (ауыстырусыз).

2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға тура келеді.

Өндірістік күнтізбеде ай, тоқсан және 2026 жылдың тұтастай жұмыс күндері(сағаттары) бойынша жұмыс уақытының нормасы келтірілген. Ол 40 сағаттық және 36 сағаттық жұмыс аптасында сегіз, жеті және алты сағаттық жұмыс күнінің негізінде бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша есептелген.

2026 жылы жұмыс уақытының нормасы:

40 сағаттық жұмыс аптасында: 

  • бес күндік – 1968 сағатты (246 күн * 8,00 сағат);
  • алты күндік – 2336 сағатты (298 күн * 7,00 сағат + 50 күн * 5,00 сағат);

36 сағаттық жұмыс аптасында: 

  • бес күндік – 1771,2 сағатты (246 күн * 7,20 сағат);
  • алты күндік – 1788 сағатты (298 күн * 6,00 сағат) құрайды.

2026 жылға арналған жұмыс күндерінің орташа айлық саны:

  • бес күндік жұмыс аптасында  – 20,5 күнді;
  • алты күндік жұмыс аптасында  – 24,83 күнді құрайды.

2026 жылға арналған күнтізбелік күндердің орташа айлық саны (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндерін қоспағанда) 29,33-ті құрайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.