Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған кезде не істеу керек? Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 21.04.2023Сондай-ақ қараңыздар:
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.
Заң бойынша кез-келген адам осы жамандыққа қарсы тұруға белсенді қатысуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ат салысатын тұлға мемлекеттің қорғауында болады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 24-бабының 3-тармағы).
Мұндай тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.
Егер сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз, бұл туралы келесідей хабарлауға болады:
- Мобильді телефоннан немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу қажет, ол жерде консультанттар әрі қарай қандай қадамдар жасау керек екенін түсіндіріп береді немесе сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу үшін дереу әрекет етеді.
- 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) немесе Агенттіктің тұрғылықты (болған) жері бойынша өңірлік департаменттерге жазбаша өтініш жасау қажет.
- egov.kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы өтініш жіберу (электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ болуы міндетті) қажет.
- «Ашық диалог» сайтында Агенттік төрағасының блогына немесе Агенттіктің сайтына жазу қажет.
- Агенттіктің kense@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу қажет.
Берген ақпаратыңыз үшін сыйақы төленуі мүмкін («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»ҚР Заңының 4-бабының 7-тармағы және 24-бабының 3-тармағы).
Сыйақы мыналар үшін беріледі:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлама;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат (тізімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми сайтынан көруге болады);
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар өзге де жәрдем көрсеткені үшін.
Қанша сома беріледі?
30 АЕК – тен (2022 жылға - шамамен 88 мың теңге) 4000 АЕК-ке дейін (11,6 млн.теңге).
Сыйақы талаптарымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларынан (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысы) танысуға болады.
Сыйақы алу үшін:
- жәрдем көрсетілген органға жүгіну қажет;
- өтініш жазу қажет;
- жеке куәліктің көшірмесін және банк деректемелерін қоса беруге міндетті.
Сыбайлас жемқорлықты бірге жоямыз!