Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді кім алады? Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 28.03.2024Пайдалы сілтемелер:
Сондай-ақ қараңыздар:
Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Бұл ауруды, жарақаттануды, жасқа немесе мүгедектікке байланысты өзіне-өзі күтім жасау, өз бетінше қозғалу және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету қабілетін толығымен немесе ішінара жоғалтқан адамдар болуы мүмкін.
Біз сізге үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға кімнің құқығы бар екенін және үйде қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметкерлер қандай қызметтерді ұсынатынын айтамыз.
Үйде кім көмек ала алады
Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді кім ала алады:
1) Бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жағдайларында:
- ақыл-ой кемістігі, жеңіл және орташа дәрежедегі, оның ішінде арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының (мектеп-интернаттардың) арнаулы (қосалқы) сыныптарында (бөгде көмегінсіз қозғалмайтын, қозғалыс бұзылыстарының ауырлығына байланысты өзіне қызмет көрсетпейтін, жеке күтімді талап ететін) оқуды қиындататын қозғалыс функцияларының өрескел бұзылыстары болған кезде айқындалған есту, көру, сөйлеу бұзылыстары, ұстамалар, мінез-құлық бұзылыстары;
- ауыр және терең дәрежелі ақыл-ой кемістігі;
- әр түрлі этиологиядағы деменциялар.
2) Екінші және үшінші дәрежелі өз бетінше жүріп-тұруды және өзіне-өзі қызмет көрсетуді шектеуге әкеп соққан тірек-қимыл аппаратының айқын немесе айтарлықтай (өрескел) айқын көрінген бұзылулары бар мүгедектігі бар балаларға.
3) Мынадай:
- ақыл-ой кемістігі, жеңіл және орташа дәрежедегі, оның ішінде қозғалыс функцияларының өрескел бұзылыстары болған кезде (бөгде адамның көмегінсіз қозғалмайтын, қозғалыс бұзылыстарының ауырлығына байланысты өзіне қызмет көрсетпейтін, жеке күтімді талап ететін адамдар);
- ауыр және терең дәрежелі ақыл-ой кемістігі;
- психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тұрақты ақау немесе деменция болған кезде;
- әр түрлі этиологиядағы деменциялар;
- деменция болған кезде эпилепсия (оның ішінде симптоматикалық) салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдарға
4) Өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз және денсаулық жағдайы бойынша үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж, еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары жоқ мүгедек адамдарға, Кодекске сәйкес өзінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-анасын, жұбайын (зайыбын) ұстауға және оларға қамқорлық жасауға міндетті жұбайы немесе объективті себептер бойынша оларға тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз етпейтін (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық аурулары бар) кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалары, жұбайы бар, бас бостандығынан айыру орындарында болады, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады немесе елден тыс тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұрады, жұбайы үшін қосымша – жасы ұлғайған).
5) Әлеуметтік кодексте белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз және денсаулық жағдайы бойынша үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж, еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары жоқ қарт адамдарға (жұбайы (зайыбы), Кодекске сәйкес өзінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) ұстауға міндетті және оларға немесе еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары бар жұбайына (зайыбына) қамқорлық жасау, оларға объективті себептер бойынша тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз етпейтін (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық аурулары бар, бас бостандығынан айыру орындарында болады, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады немесе елден тыс тұрақты тұруға кеткен немесе жұбайы (зайыбы) үшін қосымша басқа елді мекенде тұрады – жасы ұлғайған кезде), сондай-ақ отбасылық ішкі жанжал болған жағдайда.
Әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсету жағдайында қандай қызметтерді ұсынады
Әлеуметтік қызметкерлер үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес қызметтердің 8 түрін орындайды:
1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге мыналар жатады:
3) Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша:
- бір елді мекен шегінде үйден тыс жерде алып жүру;
- хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету;
- үйге ыстық түскі ас, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатып алуға және жеткізуге жәрдемдесу;
- тамақ дайындауға көмектесу;
- пештерді жағуға жәрдемдесу, отын, көмір және су жеткізу;
- заттарды жууға, құрғақ тазалауға, жөндеуге тапсыруға жәрдемдесу және оларды кері жеткізу;
- заттарды жууға көмектесу;
- тұрғын үй-жайларды жөндеу мен жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- тұрғын үй және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге жәрдемдесу;
- салттық қызметтерді ұйымдастыруға көмек (қайтыс болған туыстарында (заңды өкілдерінде) болмаған жағдайда).
2. Әлеуметтік-медициналық қызметтерге мыналар жатады:
15) оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу.
3. Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге мыналар жатады:
3) қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың профилактикасы мен оларды жою үшін қызмет алушылармен бірге тұратын отбасы мүшелерін әлеуметтік-психологиялық қолдау.
4. Үйде қызмет көрсету жағдайында балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
9) отбасы мүшелерін балаларда және он сегіз жастан асқан адамдарда қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыруға үйрету.
5. Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне мыналар жатады:
3) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
6. Әлеуметтік-мәдени қызметтерге мыналар жатады:
3) қызмет алушыларды бос уақытты өткізу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту.
7. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге мыналар жатады:
2) қарттар мен мүгедек адамдарға, сондай-ақ он сегіз жастан асқан балаларды тәрбиелеп отырған және оларға күтім жасауды жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру.
8. Әлеуметтік-құқықтық қызметтерге мыналар жатады:
11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заң көмегін алуға жәрдемдесу.
Кіріп шығу уақыты, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары қызмет алушыларға бару үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы бекітетін қызмет алушыларға бару графигіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызмет алушыға барған күні үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары нысаны осы Стандартқа 5-қосымшада көзделген ұсынылған арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына тиісті белгі қояды. Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналы қызмет алушыда (заңды өкілде) болады және айдың соңында күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге беріледі.
Уәкілетті орган немесе құрылтайшы немесе үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасайды, оның ішінде:
4) қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді формамен, жеке қорғану құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар) қамтамасыз ету.
Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қандай құжаттар қажет
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар) тұрғылықты жері бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін беру жолымен ұсыну үшін уәкілетті органға жүгінеді:
4) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмелері.
Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салулар қалыптастырады:
6) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасында санамаланған Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердің аумағындағы қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагер, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесі болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Үйде қызмет көрсету қандай жағдайда тоқтатылады
Үйде қызмет көрсету ұйымы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтатуды жүзеге асырады:
8) білім беру ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер алынған жағдайда.