Айдар парағына өту

«Surdo-online» арқылы есту қабілеті бұзылған адамдарға ақпараттың қолжетімділігі» Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасындағы өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау 2002 жылғы 11 шілдедегі N343 "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі Осы Заң дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін құруға, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбекке және кәсіби даярлауға, балалар мүгедектігінің алдын алуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындайды.

Онлайн құралдар

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайттарында нашар көретін азаматтар үшін әзірленген арнайы нұсқа бар. Бұл баған қаріптің таңдауын және пайдалану ыңғайлылығы үшін порталдың фондық түсін қамтиды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ фронт-офистерінде 2016 жылдан бері есту мен сөйлеу қабілеттері бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша «Surdo-Online» сервис жұмыс істейді. Сервис есту қабілетімен проблемасы бар қызмет алушы, ыммен сөйлеу оператор және Мемлекеттік корпорация фронт-офисінің операторы арасындағы видеобайланыс болып табылады.

Емханаларда, жұмыспен қамту орталықтары мен басқармаларында, кейбір қонақ үйлерде, университеттерде, сақтандыру компанияларында, бизнес құрылымдарда, Алматы халықаралық әуежайында, қонақ үйлер мен "Магнум" дүкендер желісінде Surdo-Online  сервисі жұмыс істейді. 

Surdo-Online (SOL) – онлайн-режимде сурдоаудармашылармен бейне байланыс үшін бұлтты сервис. Оның көмегімен ұйымдар есту және/немесе сөйлеу қабілеті бұзылған мүгедектер үшін ең аз шығынмен қолайлы орта құра алады, ал мүгедектер – коммуникациялар мен қызметтерге қол жеткізе алады. Нақты уақыт режимінде есту және сөйлеу қабілеті зақымдалған адам сурдоаудармашымен байланысқа шығады, ол оның сөздерін хабарласып жатқан адамға дыбыстап айтады. Және, керісінше, мүгедек хабарласып отырған компания қызметкерінің сөздері ым-қимыл тіліне аударылады.

"SURDO-ONLINE" жобасы 2016 жылы құрылған, Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция және "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде мемлекеттік және бизнес құрылымдарға қызмет көрсетеді.

SOL платформасында бір мезгілде нашар еститін адамдарға арналған трансляция - ымдау аударма және нашар көретін адамдарға арналған құлаққап арқылы тифлокоммент жасау SOL мобильді қолданбасынан жүзеге асырылады. 

"SURDO-ONLINE" жобасы мүгедектің тұрған жеріне және оның өтініш берген уақытына қарамастан, Қазақстанның барлық аумағында және одан тыс жерлерде есту қабілеті нашар барлық мүгедектер үшін дипломдалған, білікті, аттестаттаудан өткен ымдау тілі мамандарын ұсынады. Қызмет үзіліссіз және демалыссыз тәулік бойы қолжетімді. Жалғыз шарт – интернетке қолжетімділіктің болуы. Бұл қызметті компьютерден де, ұялы телефоннан да немесе планшеттен де пайдалануға болады.

SOL - "Surdo Online" платформасы online аударма қызметтерін бірыңғай орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз етеді: 

  1. Колл-орталықтың қызметтері ауызша (ымдау) тіл.
  2. Жазбаша аударма.
  3. Тифлокомментация (бұл соқыр адамға арнайы ауызша түсіндірмелерсіз түсініксіз заттың, кеңістіктің немесе әрекеттің қысқаша сипаттамасы).
  4. Көрсетілімдер (гала концерттер мен іс-шараларды қолдау).

Мобильді қосымшаның көмегімен SOL "Менің Достарым" мобильді қосымшасы арқылы және нашар көретін адамдарға арналған тифлокоммент арқылы білім беру, коммуникациялық қиындықтар бойынша мәселелерді шешуге көмектесетін аудармашылар ретінде достарды, туыстарды, еріктілерді қосуға болады.

"SURDO-ONLINE" қызметі бойынша толығырақ ақпаратты сайтта табуға болады surdo-online.kz.

Электрондық үкімет порталында мүгедектерді қолдау үшін қызмет көрсету санаттары бойынша ыңғайлы болу үшін бөлінген пайдалы онлайн-сервистер бойынша ақпарат бар.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.