Докторантура Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 05.10.2021Пайдалы сілтемелер:
Докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Докторантураға конкурс негізінде кемінде 1 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады.
Докторантура білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын докторантура бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар дербес жүргізеді.
Докторантураға түсушілерден өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде өткізіледі.
Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш (еркін түрде);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
- шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;
- № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
- 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
- кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);
- алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін тағайындалады.