Магистратура Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 05.10.2021Пайдалы сілтемелер:
Магистр - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар біліктілігі.
магистратура – білім беру бағдарламалары «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар
Магистратура жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар үшін өткізіледі.
Магистратураға түсу эмтихандарын өткізу тәртібі
ЖЖОКБҰ магистратурасына өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде аралығында.
Магистратураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға мынадай құжаттарды тапсырады:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18657 болып тіркелген) сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының атына өтінішті;
- жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
- осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).
Магистратураға түсуші тұлғалар КТ тапсырады.