Айдар парағына өту

Халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге оқуға жіберу тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.12.2020

Шетелде білім алу мүмкіндігі бүгінде орындалмайтын арман емес. Нақты мақсатты көздеп, алға – білім мен табыс жолына ұмтылғандар үшін әлемнің барлық елдерінің ең беделді университеттері мен колледждерінің есігі әрдайым ашық. Осы мақалада шетелдің жоғарғы оқу орындарында қандай бағдарламалар бойынша білім алуға болатындығы туралы ақпарат берілген. Өз қалауыңыз бен қызығушылығыңызға сай келетін бағдарламаны таңдау аса маңызды.

Білім саласы бойынша халықаралық шарттар шеңберінде қандай елдерде білім алуға болады?

Мажарстан, Қытай, Польша, Украина, Вьетнам, Беларусь, Тәжікстан

Қандай бағдарламалар бойынша үміткерлерге іріктеу жүргізіліп жатыр?

  1. бакалавриат;    
  2. магистратура;
  3. докторантура.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы қай жерден білуге болады?

Жасалған шарттар мен келісімдердің шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысудың шарттары мыналар:

Жеке әңгімелесу өткізу арқылы, оның ішінде онлайн әңгімелесу, білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шет елде оқуға үміткерледі іріктеуді Конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Сіз білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде грант иегері атандыңыз ба?

Сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен шарт жасасу қажет.

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде оқуға жіберілген адамдар жыл сайынғы негізде Әкімшіге транскриптіні ұсыну арқылы оқуының академиялық кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды.

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.