Айдар парағына өту

Екі елдің азаматтығы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.09.2023

Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабына сәйкес басқа мемлекеттің азаматтығы танылмайды. Алайда ҚР азаматтары шетел мемлекетінің азаматтығын ҚР азаматтығынан шықпай тұрып алатын жағдайлар да ұшырасады және осы арқылы заңсыз қос азаматтыққа ие болады. Екінші азаматтықты алудың негізгі себебі еркін қозғалу тілегі ғана емес, сонымен қатар белгілі бір материалдық пайдаларды алу (мысалы, зейнетақылық есеп айырысу, екінші бала туғандағы жәрдемақы).

Басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдамас бұрын ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан шығу керек.  «ҚР азаматтығынан шығу» мақаласында азаматтықтан шығу туралы толығырақ біле аласыз.

Азамат ҚР азаматтығынан шықпай шетел азаматтығын алған жағдайда, ол 30 күнтізбелік күннің ішінде бұл туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының паспортын және/немесе жеке куәлігін ҚР ішкі істер органдарына немесе шет елдердегі мекемелеріне тапсыруға міндетті. Осы санаттағы адамдарға қатысты Қазақстан азаматтығын жоғалту фактісі тіркеледі.

Қазақстандық азаматтықты қабылдауға өтініш берушіге егер ол басқа мемлекеттердің азаматтығында тұрса, бас тартылады. ҚР азаматтығын қабылдау үшін өтінішм беруші адам шетелдік азаматтықтан бас тартуы және өзінің шетелдік паспортын бұрынғы азаматтығы бар мемлекеттің уәкілетті органына тапсыруы қажет.

Көптеген азаматтар белгіленген ережелерді елемейді және әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып  шетел мемлекетінің азаматтығымен шетел мемлекетінің азаматтығымен бірге қазақстандық азаматтықты да сақтайды. Алайда ішкі істер органдары тексерістер жүргізеді және қос азаматтық анықталған жағдайда осы адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуын тіркейді. Егер азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаннан кейін де жеке басты куәландыратын құжаттарды пайдалануды жалғастырса, ол Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 496-бабының 1-тармақшасына сәйкес 100 АЕК мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.  

Егер сіз басқа мемлекеттің азаматтығында бола тұра Қазақстан аумағында тұрақты түрде тұрғыңыз келсе, ондай жағдайда тұрақты тұру ықтияр хатын алуды ұсынамыз. Ол туралы осы сілтеме бойынша таныса аласыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.