Айдар парағына өту

Шетел азаматтарының елімізге келуінің (кетуінің) ережелері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.08.2023

Шетелдік азаматтың келуі туралы хабарлама

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, қабылдаушы тарапы шетелдіктің Қазақстанға келгені, сондай-ақ тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы көші-қон қызметін хабардар етуге міндетті. Мұны шетелдік азаматы келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалуы қажет.

Хабарлама барлық жағдайларда – виза бойынша немесе визасыз режим шеңберінде беруілуі талап етіледі. Хабарламаны қабылдаушы тарап береді. Шетелдік азаматының өзі көші-қон қызметіне жүгінудің қажеті жоқ.

Хабарламаны бірнеше жолмен беруге болады:

· визалық-көші-қон порталы арқылы онлайн vmp.gov.kz

· қағаз түрінде тікелей көші-қон қызметіне

· электрондық ақпараттық жүйе арқылы eQonaq.kz

Маңызды: хабарламаны уақтылы берілмеуі, қабылдаушы Тарапқа АЕК* 10-нан 20-ға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде ережені қайтадан бұзылғаны анықталған жағдайда, визалық шақыруларды ресімдеуге 1 жылға тыйым салуға әкеп соғады**.
**Халықтың көші-қоны туралы Заңның 48-бабы
2023 жылғы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) - 3 450 теңге.

Біржақты тәртіптегі визасыз режим

Екіжақты келісім шеңберіндегі визасыз режим

Визалық режим

Виза санатын өзгерту

Визаны рәсімдеудің жеңілдетілген үрдісі

Уақытша тұруға рұқсат (УТР)

Виза бажы

Әкімшілік құқық бұзушылықтар

 

Нормативтік-құқықтық база

Көші-қон дайджестіндегі ақпарат 2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының мынадай нормативті - құқықтық актілерінің негізінде дайындалды:

  1. "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңы
  2. "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы" ҚР Заңы
  3. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары
  4. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келу және болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету қағидалары және көшіқонды бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынған тұлғаларды есепке алу қағидалары
  5. Қабылдаушы тұлғалардың өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ақпарат беру қағидалары, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүруі қағидалары
  6. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексі
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.