Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.02.2026

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес біздің елде ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.

Ұлттық мерекелер – Қазақстандық мемлекеттілікті дамытуға маңызды ықпал ететін ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуге Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі  болып табылады.

1.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні
10 қаңтар
2. Қаржылық мониторинг органдары күні 28 қантар
3.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация жұмыскерлері күні
1 ақпан
4.
Жерге орналастыру, геодезия және картография күні
наурыздың екінші сенбісі
5. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні 7 сәуір
6.
Геолог күні
сәуірдің бірінші жексенбісі
7.
Ғылым жұмыскерлері күні
12 сәуір
8. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының жұмыскерлері күні 16 сәуір
9.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні
21 сәуір
10.
Байланыс жұмыскерлері күні
17 мамыр
11. Метрология жұмыскерлері күні 20 мамыр
12.
Мәдениет және өнер жұмыскерлері күні
21 мамыр
13.
Химия өнеркәсібі жұмыскерлері күні
мамырдың соңғы жексенбісі
14.
Эколог күні
5 маусым
15.
Монополияға қарсы орган жұмыскерлерінің күні
7 маусым
16. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні 9 маусым
17. Жеңіл өнеркәсіп жұмыскерлері күні маусымның екінші жексенбісі
18. Малшылар күні маусымның екінші жексенбісі
19. Медицина жұмыскері күні маусымның үшінші жексенбісі
20.
Полиция күні
23 маусым
21.
Мемлекеттік қызметші күні
23 маусым
22. Судья және сот жұмыскері күні 24 маусым
23. Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері күні 28 маусым
24.
Дипломатиялық қызмет күні
2 шілде
25. Қазақстанның қолөнершілер күні 7 шілде
26.
Су шаруашылығы жұмыскерлері күні
9 шілде
27. Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні 9 шілде
28. Ветеринариялық жұмыскер күні 10 шілде
29.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні
13 шілде
30. Нотариат күні 14 шілде
31. Теңіз және өзен көлігі жұмыскерлерінің күні шілденің бірінші жексенбісі
32.
Балық шаруашылығы жұмыскерлері күні
шілденің екінші жексенбісі
33.
Металлург күні
шілденің үшінші жексенбісі
34.
Сауда жұмыскерлері күні
шілденің төртінші жексенбісі
35.
Теміржол көлігі жұмыскерлері күні
тамыздың бірінші жексенбісі
36.
Құрылысшы күні
тамыздың екінші жексенбісі
37.
Шекарашылар күні
18 тамыз
38.
Шахтер күні
тамыздың соңғы жексенбісі
39. Аңшылық шаруашылығы жұмыскерінің күні қыркүйектің бірінші сенбісі
40.
Мұнай-газ кешені жұмыскерлері күні
қыркүйектің бірінші жексенбісі
41. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы жұмыскерлері күні қыркүйектің екінші жексенбісі
42. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні 15 қыркүйек
43.
Атом саласы жұмыскерлері күні
28 қыркүйек
44.
Әділет органдары қызметкерлері күні
30 қыркүйек
45.
Машина жасаушы күні
қыркүйектің соңғы жексенбісі
46. Қазақстан Республикасының Жоғары білім жұмыскерлері күні 1 қазан
47. Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жұмыскерлері күні 2 қазан
48.
Мұғалім күні 
5 қазан
49.
Қорғаныс өнеркәсібі жұмыскерлері күні
6 қазан
50.
Қазақстан кәсіптік одақтарының күні
10 қазан
51. Стандарттау жұмыскерлерінің күні 14 қазан
52.
Құтқарушы күні
19 қазан
53. Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні 20 қазан
54.
Орман шаруашылығы жұмыскері күні
қазанның үшінші жексенбісі
55. Кітапханашы күні 24 қазан
56.
Әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыскерлері күні
қазанның соңғы жексенбісі
57. Автомобиль көлігі жұмыскерлері күні қазан айының соңғы жексенбісі
58. Автожол саласы жұмыскерлерінің күні қазан айының соңғы жексенбісі
59.
Күзет ұйымдарының жұмыскерлері күні
29 қазан
60. Қазақстанның кәсіпкерлері күні 29 қазан
61.
Сыртқы барлау күні
5 қараша
62.
Статистика күні
8 қараша
63. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар жұмыскерлері күні 10 қараша
64. Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні 10 қараша
65.
Қазақстан Республикасының қаржы саласы жұмыскерлерінің күні
15 қараша
66. Бұрғылаушы күні қарашаның үшінші сенбісі
67.
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі жұмыскерлері күні
қарашаның үшінші жексенбісі
68. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні 18 қараша
69. Адвокатура күні 5 желтоқсан
70.
Прокуратура күні
6 желтоқсан
71. Қылмыстық-атқару жүйесі жұмыскерлері күні 13 желтоқсан
72. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні 20 желтоқсан
73.
Энергетик күні
22 желтоқсан
74.
Aрхивші күні
22 желтоқсан
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.