Айдар парағына өту

Қалай шетелдіктерге Қазақстанда еңбең етуге рұқсат алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.04.2026

шетелдіктерге еңбең етуге рұқсат

Егер сіз шетелдік болсаңыз және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істегіңіз келсе, онда осы мақалада сізге рұқсат алу үшін не істеу керектігін көрсетеміз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту үшін сізге жарамды ұлттық паспорт қажет, содан кейін шекара қызметі мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде паспортқа мөртабан қояды.

Барлық басқа процедуралар, оның ішінде уақытша тұруға рұқсат алу, ЖСН (қажетінше) беру және жеке тұлғадан жұмысқа рұқсат алу Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) жүзеге асырылады.

Уақытша тұруға рұқсат беру

Қазақстанға келген шетелдіктер уақытша тұруға рұқсат алмай 30 күнге дейін тұруға құқылы.

30 күннен астам уақытқа (жұмыс, оқу, емдеу, іскери иммигранттар үшін, сондай-ақ отбасын біріктіру және миссионерлік жұмыс үшін) уақытша тұруға рұқсат шығарылады.

Мемлекеттік қызметтің ҰТР алу үшін қызмет алушылар тіркелген жері бойынша аумақтық полиция органдарына немесе Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы Қазақстан Республикасында шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-анкетамен жүгінеді, ол «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімінде көзделген мақсатына байланысты құжаттар қоса беріледі.

Мемлекеттік бажды төлеу үшін ЖСН тіркеу

Жұмыс жасауға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс берушіні тауып, еңбек шартын жасау қажет. Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Молдова, Грузия және Украина республикаларының азаматтары жеке тұлғаларға жәрдемақы алмай жұмыс жасауға құқылы. ЕАЭО азаматтары (Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения) еңбек қызметін Қазақстан Республикасының аумағында еңбек шарты негізінде рұқсатсыз жүзеге асырады.

Мемлекеттік баж салығын төлеу үшін иммигранттар ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) алуы керек.

ЖСН алу үшін ХҚКО-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығына) жүгіну қажет, сонда иммигрант өзімен ұлттық паспортын алып келуі тиіс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.