Айдар парағына өту

Қазақстанда тұрақты тұру үшін төлем қабілеттілігін растау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 18.08.2020

"Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады. 

Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу туралы өтінішпен жүгінген кезде  өзінің төлем қабілеттілігін  растайды.

Қазақстан Республикасы аумағында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттілігін  растау үшін ішкі істер органына: 

  • тұрақты тұруға қалдыру туралы өтінішті берген күніне белгіленген 1320-еселенген ең төменгі есептік көрсеткіш баламасына тең немесе одан асатын; 
  • өтiнiш бiлдiрушi тұруға ниет бiлдiрген елдi мекеннен бiр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сомада банктiк шотта (шоттарда) ақшасының болуы туралы банк басқармасы төрағасының немесе банктiң уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған Қазақстан Республикасының резидентi-банктiң құжатын  (анықтамасын) ұсынады.

Соманың мөлшерi сол елдi мекендегi тұрғын үйдiң орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды тіркеудi жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi орган берген құжаттың негiзiнде белгiленедi.

Өтiнiш берушiге тұрғын үй беру туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт болған кезде, тұрғын үй сатып алу үшiн ақшасының болуы туралы банктiң құжаты талап етiлмейдi. 

Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның нысан бойынша жазбаша келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне   сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.

Егер тұрақты тұруға руқсатты алу туралы өтінішхатпен бірнеше отбасы мүшелері жүгінген жағдайда, 1320 АЕК көлеміндегі сомасы бар екенін 16 жасқа толған әрқайсысы растауға тиіс. Тұрғын үйі болмаған жағдайда, кез келген жастағы әр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сома болуын растауға тиіс. 

Мыналар өз төлем қабілеттілігін растамайды:

  • этникалық қазақтар;
  • Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын Қазақстан Республикасының  немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының азаматы  болған адамдар және олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстанның олармен азаматтықты алудың оңайлатылған тәртібі туралы келісімі бар  елдердің (Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Украина) азаматтары, олар елге келе сала Қазақстан Республикасы азаматтығын алу туралы өтініш беруге құқылы. 
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.