Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасының визасын алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 12.02.2024

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына кіру үшін, егер ҚР халықаралық шартында өзгеше тәртіп белгіленбесе, келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) қажет.

ҚР визасы - осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ҚР Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, ҚР шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де немесе ҚР ІІМ-де көрсетілетін қызметті алушының нақты орналасқан жері немесе шақырушы тараптың тіркелген орны бойынша визаларды беру үшін "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" және "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет мынадай құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:
      

  1. Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
  2. ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға нөмірді және шақыруды беру күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаттары;
  3. Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат;
  4. Консулдық алым немесе мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
  5. Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілеттік берілген тұлға өз құзыреті шегінде және оның белгіленген нысаны бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостильдеу).

Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру Қазақстан Республикасына визаны алушының болжамды келу күніне 1 жылдан ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Шақыруды қарау мерзімі Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш білдірген күннен бастап электронды түрде қызмет көрсету кезінде – 3 жұмыс күнінен және қағаз түрінде – 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды. Портал арқылы жүгінген кезде - 30 (отыз) минут.

Консулдық алымдардың төленген сомасы қайтаруға қайтарылмайды..

ҚР шет елдердегі консулдық мекемесінде шетелдікке ҚР визасы 5 жұмыс күні өткеннен кейін беріледі. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда шетелдікке ҚР визасын беруден бас тартылуы мүмкін.

Электрондық визалар

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделуге) Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген Қазақстан тарапының қолданыстағы шақыруы негізінде ресімделеді.

Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлардағы бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына келеді және кетеді.

Электрондық визалар 109 мемлекеттің азаматтарына ресімделеді (елдер тізімі қоса беріледі).

Электрондық виза тек виза алушы үшін қолданылады және еріп жүретін адамдарға қолданылмайды.

Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:

1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;

2) кемінде 2 таза бет болуы тиіс;

3) қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс;

4) қолдану мерзімін ұзарту туралы белгілер болмауы тиіс.

Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Электрондық визаны рәсімдеудің қадамдық алгоритмі
    
- электрондық виза алу үшін визалық-көші-қон порталының сайтында тіркелу қажет (www.vmp.gov.kz);

- тіркеуден кейін электрондық виза алу талаптарымен танысу;

- шақыру нөмірін енгізу (шақыру нөмірін шақырушы тарап Қазақстан Республикасында жібереді) және визалық сауалнаманы толтыру;

- консулдық алым төлеу;

- электрондық визаны басып шығару (виза жеке кабинетте қалыптастырылады және сауалнаманы толтыру кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі);

- Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өткен кезде басып шығарылған электрондық визаны көрсету.

Азаматтарына бір мәртелік электрондық визалар ресімделетін елдердің тізімі

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.