Айдар парағына өту

Жалақы формалары мен жүйелері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.07.2020

Жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары мен нақты жұмыстардың күрделілігі жұмысшы кәсібінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшылар кәсібінің тарифтік-біліктілік сипаты, басшылар қызметтерінің Біліктілік анықтамалығы, сонымен қатар басшылар, мамандар мен өзге де ұйым қызметкерлері қызметтерінің типтік біліктілік сипаты негізінде бекітіледі

Еңбeк төлемінің жүйесі

Жұмысшылардың еңбектері уақытында, келісіммен немесе еңбек төлемінің басқа да жүйесімен төленеді.

Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Еңбек төлемі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйе негізінде қалыптасады.

Еңбек төлемінің тарифтік жүйесіне мыналар кіреді:

  1. Тарифтік салым (айлық) 

  2. Тарифтік тор

  3. Тарифтік коэффициенттер

Еңбек төлемінің тарифсіз жүйесі жұмысшылардың кәсіби сапасының бағасы мен оның соңғы нәтижеге бағытталуы мен критериилерге байланысты еңбек төлеміне арналған қаражатты іскер бөлуге негізделеді.


Еңбек төлемінің аралас жүйесі еңбек төлемінің тарифтік, сонымен бірге тарифсіз жүйесі сияқты элементтерінен тұрады.

Өндірістің тиімділігін және атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын көтеруге жұмысшылардың қызығушылығын арттыру үшін сыйақы тағайындау және еңбекті ынталандырудың басқа формаларының жүйелері енгізілуі мүмкін.
Төлем жүйесі мен жұмысшы еңбегін ынталандыру ұжымдық келісім-шарт, еңбек келісім-шарты мен (немесе) жұмыс берушінің актісінің шарттарымен анықталады. 

Еңбек төлемінің жүйесі бір реттік ынталандырушы төлемдерді есепке алмағандағы орташа айлық жалақының (жалақының тұрақты бөлігіне қатысты) 75 пайызынан кем емес мөлшерде негізгі жалақының бөлігін қамтамасыз етуі тиіс. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сметасы (бюджет) мен мемлекеттік бюджет есебінен алынатын ұйым жұмысшылары еңбегінің төлем жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен бекітіледі.

 Акцияның бақылау пакеттері мемлекетке қарасты ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғам қызметкерлеріеңбектерінің төлемі мен оларды сыйақымен қамтамасыз ету шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Типтік ереже негізінде анықталады.

Қызметтеріне (тауарлар, жұмыстар) тарифтерді (баға, салым, алым) мемлекеттік реттеу кіретін ұйым қызметкерлерінің еңбектерінің төлем жүйесінің параметрлерін қарау және келістіру тәртібі еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен бекітіледі.

Еңбек, ұжымдық келісім-шарттар, келісімдер, жұмыс берушінің актілерімен анықталған еңбек төлемінің шарттары Еңбек кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген шарттармен салыстырғанда төмен болмауы тиіс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.