Әрбір адамның қорғауға құқылы екені белгілі. Бірақ барлығы бірдей адвокат нотариус немесе өзге құқықтық қорғау субъектісін жалдауға мүмкіндігі жоқ адамдарға бюджет есебінен заңды көмек ұсынылатынын білмейді. Бұл мақалада біз кепілдендірілген заңды көмек (бұдан әрі – КМЗК) туралы толығырақ айтатын боламыз, сондай-ақ КМЗК алу, КМЗК алу үшін қайда жүгіну керектігі және аталмыш заңды көмекті кім көрсете алатындығы сияқты сұрақтарға жауап береміз.
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек дегеніміз не?
ҚР Конституциясы және заңдарына сәйкес белгіленген ережелерге сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процесс барысында білікті заңды көмек алуға құқылы. Және осы негіздерде ҚР азаматтарына мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек ұсынылады.
- Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негізде және тәртіпте тегін негізде көрсетілетін заң көмегі.
- Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілер – мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
- Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесі – заң көмегіне мемлекет кепілдік берген құқықты іске асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтық негіздері мен тетіктері.
- Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – халыққа құқықтық көмек пен заң қызметтерін көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрлері
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
- Құқықтық ақпарат беру;
- Құқықтық консультация беру;
- Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
- Жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдануы түрінде көрсетіледі.
Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету келесі принциптерге негізделеді:
- заңдылық;
- мемлекетпен кепілдендірілген тегін заңды көмекке мұқтаж жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері және бостандықтары, құқықтарының артықшылығы;
- мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек сапасы және тең қол жетімділігі;
- мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетілетін мәселенің құпиялылығын қамтамасыз ету;
- мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету сапасы, мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсететін адамдардың сақтауын бақылау және тиімді мемлекеттік реттеу.
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек кімге көрсетіледі?
Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алуға құқықты барлық жеке және заңлы тұлғалар ала алады.
Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;
- Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
- Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;
- алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсететіледі. Адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
Жоғарыда 1 және 2-тармақтарда көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан алуға құқылы.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
Адвокатпен көрсетілетін мемлекеттік заңды көмекті төлеу бюджеттік қаржы есебінен жүргізіледі.
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекке мұқтаж адам мыналарға құқылы:
- Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекке тең құқық.
- Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету шарттарында және міндеттерде, өзінің құқықтар туралы ақпаратты алу.
- Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету субъектісіне тегін заңды көмекті көрсетуге жүгіну.
- Оны алудан бас тарту немесе мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алуға.
- Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсететін субъектіледің әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағым беру.
- Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету бойынша мәселенің құпиялылығына.
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алушы, міндетті:
- Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алу құқығын растайтын құжаттарды ұсыну.
- Мемлекептпен кепілдендірілген заңды көмектің талаптарына ықпал ететін жағдайларды өзгерту туралы уақытылы хабарлауға.
- Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету қажеттілігіне негізделген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету.
Кепілдендірілген заңды көмек субъектілері
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті өз құзіреті шегіндегі мемлекеттік органдар және адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары көрсетеді.
Адвокаттар мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету субъектілері ретінде жеке тұлғаларға мемлекетпен кепілдендірілген тегін заңды көмекті көрсетеді. Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 28-бабы 1-тармағының негізінде адвокаттардың мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсетуге қатысуы облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың адвокаттар алқасымен қамтамасыз етіледі. Ауылды елді мекендердегі мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсетуді облыс адвокаттары қамтамасыз етеді. Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттарды іріктеу белгілері адвокаттардың республикалық алқасымен бекітіледі.
МКЗК көрсетуден бас тарту
Құқықтық кеңес беру және өкілдік түрінде мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсетуде келесі талаптардың бірі болғанда бас тартады:
- өтініш иесі мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаса;
- өтініш иесінің өтініші құқықтық сипатқа ие болмаса.
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетуден бас тарту уәжді болуы тиіс және сот немесе прокуратура, жоғары сатылы органға шағым бере алады.
Қазақстандағы адвокаттар алқасының байланыстары