Айдар парағына өту

Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жерді қалай алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.06.2020

Аудандық және қалалық әкімдіктер тұрақты негізде ауыл шаруашылық өндірісті жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурстарды өткізеді. Сондықтан, егер жер алуға қаражат жеткіліксіз болса, конкурсқа қатысу мүмкіндігіңіз бар. Бұны қалай жасауға болатындығы туралы біз осы мақалада баяндаймыз.  

Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:

  • инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;
  • халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;
  • мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға және мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;
  • жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;
  • құрылыс салу мақсаты үшін бұрын жеке және заңды тұлғалар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақтарда үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) салу үшiн, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шеңберінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне меншік құқығын сатып алған жағдайда жеке және заңды тұлғаларға;
  • кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;
  • жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;
  • Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;
  • Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;
  • Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына, дербес кластерлік қорға және басқарушы компанияға;
  •  аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан жасанды ғимараттар салу үшін;
  • теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, байланыс пен энергетика мұқтажы үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;
  • халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланудағы объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ Жер Кодексінің  107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;
  • Жер Кодексінің 121-бабына сәйкес жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарын белгілеу үшін;

Әрі қарай қараңыз

  • Жер Кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;
  • жекеше орман өсіру үшін;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін;
  • Жер Кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар мен отандық өнеркәсіп орындарына;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге;
  • инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;
  • индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне;
  • шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушыларына (мүшелеріне) олар  Кодекстің 101-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Аукционға қалай қатысуға болады?

Сауда-саттықты ұйымдастырушы аукционға қойылатын жер учаскесі туралы мәліметтерді қамтитын аукцион өткізу туралы хабарлама жасайды және оны аукцион өткізудің жарияланған күнінен бұрын он бес күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жариялайды.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:

  1. мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім.
  2. сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
  3. өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.

Конкурсқа қалай қатысуға болады?

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияланады.

Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:

  1. мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім.
  2. сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты.
  3. өкілдің өкілеттіліктерін куәландыратын құжат. 

Конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімнен кешікпей конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген   жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберіледі.  

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткізуден үш күн бұрын аяқталады.

Конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін өтінім беруші конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) береді.

Ұсыныстар (конкурстық өтінімдер) бар конверттерді ашу рәсімі бойынша конкурстық комиссияның хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды 

Сатушы (жергілікті атқарушы орган) конкурстық комиссия қорытындыға қол қойғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпазын анықтайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған жеңімпаз және екінші сатып алушы қолдарын қояды. 

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурстың қорытындылары жарияланады.

Хаттаманың негізінде жергілікті атқарушы орган конкурс аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесін беру немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру туралы шешім қабылдайды және жеңімпазды сатып алу-сату шартын жасасу қажеттігі жөнінде хабардар етеді. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жергілікті атқарушы органның шешім қабылдаған күнінен бастап бір жұмыс күн ішінде жасалады. 

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықты сатып алу мынандай реттілікпен ерекше тәртіппен:

  • жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы;
  • жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен кемінде екі аукцион өткізу қорытындылары бойынша оны сату мүмкін болмаған кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын төмендету шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнынан елу пайыз мөлшерінен төмен бағамен сатуға жол берілмейді.

Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау құқығы оралмандарға сауда-саттықтың конкурстық нысаны арқылы шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін және, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жиырма бес жылға дейiнгі мерзімге беріледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.