Айдар парағына өту

Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын тәуелсіз бағалау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.08.2020

2018 жылдан бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізуде.

Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, оның ішінде: жұмысқа орналасқан түлектер мен олардың орташа жалақысы, оқудан кейін жұмыс іздестірудің ұзақтығы, сондай-ақ бағдарлама өзектілігіне баға беру.

Рейтингті қалыптастыру барысында 90 мамандық қамтылды, 2036 білім беру бағдарламалары бағаланды, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 700 сарапшыдан 6000 сараптамалық қорытынды алынды.

Рейтинг барысында түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 74% құрайды, ал олардың орташа жалақысы 103 285 теңге болды.

Диплом алған сәттен бастап жұмыс іздеу ұзақтығы орташа 3,5 ай алды, «Көлік құрылысы» мамандығының иелері 2 ай ішінде жұмысқа орналасады, ал «Шетелдік филология», «Стоматология», «Кеден ісі» мамандарықтарын тәмамдағандарда жұмыс іздеуге 5 ай кетеді екен.

«Атамекен» ҰКП рейтингі бойынша төмендегі университеттер үздік деп танылды:

1. КИМЭП университеті

2. ҚазГЗУ университеті

3. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

4. С. Демирел атындағы университет

5. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

«Атамекен» ҰКП рейтингісінде төмен көрсеткіш көрсеткен жоғары оқу орындарының тізімі :

1. «Сырдария» университеті

2. «SilkWay» халықаралық университеті

3. Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет

4. Академик А. Қуатбеков  атындағы халықтар достығы университеті

5. Орталық Қазақстан академиясы

Түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша ең жақсы көрсеткіштерге ие болған университеттер:

  1. Академик Қ. Сәтбаев  атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты  - 86%,
  2. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті - 86%,
  3. Атырау мұнай және газ университеті - 85 % .

Төмендегі университеттер «Атамекен» ҰКП рейтингісі бойынша орташа жалақы өлшеміне сәйкес жоғары көрсеткіш көрсетті:

  1. Қазақстан-Британ техникалық университеті - 242 288 теңге, 
  2. КИМЭП Университеті - 196 889 теңге, 
  3. Қазақ-Неміс университеті - 196 691 тг. 

Қосымша ақпаратты мынадай сілтемелерді басып алуға болады:

  • https://atameken.kz/ru/university_ratings сайты.
  • Instagram : @ atameken_ratings.
  • Telegram арнасы : atameken_ratings https://t.me/atameken_ratings.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.