Айдар парағына өту

Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 30.09.2020

Әрбір адамның қорғауға құқылы екені белгілі. Бірақ барлығы бірдей адвокат нотариус немесе өзге құқықтық қорғау субъектісін жалдауға мүмкіндігі жоқ адамдарға бюджет есебінен заңды көмек ұсынылатынын білмейді. Бұл мақалада біз кепілдендірілген заңды көмек (бұдан әрі – КМЗК) туралы толығырақ айтатын боламыз, сондай-ақ КМЗК алу, КМЗК алу үшін қайда жүгіну керектігі және аталмыш заңды көмекті кім көрсете алатындығы сияқты сұрақтарға жауап береміз.

Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек дегеніміз не?

ҚР Конституциясы және заңдарына сәйкес белгіленген ережелерге сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процесс барысында білікті заңды көмек алуға құқылы. Және осы негіздерде ҚР азаматтарына мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек ұсынылады.

  1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негізде және тәртіпте тегін негізде көрсетілетін заң көмегі.
  2. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілер – мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
  3. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесі – заң көмегіне мемлекет кепілдік берген құқықты іске асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтық негіздері мен тетіктері.
  4. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – халыққа құқықтық көмек пен заң қызметтерін көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрлері

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

  1. Құқықтық ақпарат беру;
  2. Құқықтық консультация беру;
  3. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
  4. Жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдануы түрінде көрсетіледі.

Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.

Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету келесі принциптерге негізделеді:

  • заңдылық;
  • мемлекетпен кепілдендірілген тегін заңды көмекке мұқтаж жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері және бостандықтары, құқықтарының артықшылығы;
  • мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек сапасы және тең қол жетімділігі;
  • мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетілетін мәселенің құпиялылығын қамтамасыз ету;
  • мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету сапасы, мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсететін адамдардың сақтауын бақылау және тиімді мемлекеттік реттеу.

Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек кімге көрсетіледі?

Кепілдендірілген заңды көмек субъектілері

МКЗК көрсетуден бас тарту

 

Қазақстандағы адвокаттар алқасының байланыстары

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.