Айдар парағына өту

Қазақстандағы электрондық лицензиялау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.09.2021

"Е-лицензиялау" белгісіҚазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту аясында іске қосылған жобалардың бірі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі болып табылады.

www.elicense.kz  порталы арқылы  өнеркәсіп, сәулет және құрылыс, экспорт-импорт  және т.б. саласындағы кәсіпкерлік қызметтің  шамамен 500 түріне өтініш беруге болады Өтінішті тиісті органдар қабылдайды және өңдейді.

Жобаның жетістігі

Жоба кезең-кезеңмен  2008 жылдан бастап дамыған, бірінші кезеңде орталық деңгейдегі мемлекеттік органдар: министрліктер мен агенттіктер қосылды, және 2012 жылы енгізу жөніндегі жұмыстар аяқталды.  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен (тиісінше, ақпараттандыру және лицензиялау саласындағы уәкілетті органдар) бірлесіп, е-лицензияны қағаз лицензияға теңестіруден басқа, барлық мемлекеттік органдарды лицензиялар мен рұқсат құжаттарды тек электронды  форматта беруге міндеттеп, бірнеше заңнамалық актілерге түзетулерді енгізуді қамтамасыз етті.      

  2017 жыл ішінде жүйе арқылы  21 000 астам  лицензиялар  және  625 000 астам  рұқсаттар мен хабарламалар берілді  (салыстыру үшін - 2013 жылы бұл көрсеткіштер  жалпы 161 000 құжатты құраған).

Порталдың танымалдығы  күннен күнге өсуде - 2017 жылы  портал арқылы   523 000  астам электрондық өтініш берілді  (салыстыру үшін - бүкіл 2016 жыл ішінде - 430 000). 

1995 жылдан бастап мемлекеттік органдармен берілген 500 000 лицензиялар бойынша мәлімет қорына жиналды және енгізілді. Осы барлық құжаттарды ашық қолжетімділікпен е-лицензиялау порталынан табуға болады, яғни порталға кіруші іздеу бойынша Қазақстан Республикасында берілген кез келген лицензиялардың дәйектілігін және мәртебесін тексеруге болады.

Халық үшін бүгінгі күні жеткен тағыда қандай артықшылығы бар?

Лицензиялау өзіне өзі жеткілікті күрделі рәсімдер болып табылады:

  • өтініш беруші оған лицензия қажетпе немесе қызметтің басталуы қандайда болмасын басқа әкімшілік рәсімдермен реттелетіндігі әрқашанда белгілі бола бермейді;
  • жеткілікті көп сандағы құжаттарды беру қажет (7-30 түрлі құжаттар, оның ішінде куәландырушы/жарғы құжаты, маманданым құжаты, қызметін-біліктілігін жүзеге асыру үшін өтініш берушінің талаптармен сәйкестігін растау, материалдық базаның болуы);
  • көптеген жағдайларда лицензияларды тек Нұр-Сұлтан қаласында немесе облыс орталықтарында алуға болады, ол басқада қалалар және аудандардың тұрғындары үшін қиындықтар туғызады.

«Е-лицензиялау» басқада «е-үкіметтің» құрауыштарымен бірлесіп ендігі бүгінгі күні осы проблемалардың үлкен бөлігін шешуге мүмкіндік береді.

Пайдаланушылар үшін кірудің бірыңғай нүктесі - портал  «е-лицензирование» (бұл ретте өтініш беруші бұрынғыша тікелей МО немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүгінуіне болады).

Сондай-ақ, лицензиялау үдерісін оңтайландыруды ескере отырып, барлық лицензиялау түрлеріне өтініштерді декларативтік    - «мәліметтер нысаны»   беру іске қосылды.   Яғни, бұл нысан өтініш берушілерге мәліметтерді қолмен толтыруға мүмкіндік береді және қоса тіркелетін   көптеген талап етілетін құжаттар  саны қысақртылады.   

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.