Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.08.2022

ҚР ҚМ Кадет корпусы ҚР Президентінің 1996 жылғы 1 шілдедегі № 3049 Жарлығымен құрылды.

Жауынгерлік Ту Қорғаныс министрі армия генералы  М. Қ. Алтынбаевпен 1999 жылғы 29 шілде табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы № 257 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 310 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

ҚР ҚМ Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусы (бұдан әрі-Кадет корпусы) Қарулы Күштердің сержанттық құрамы лауазымына тағайындау үшін "мотоатқыштар бөлімшелерін басқару" біліктілігімен "әскери істе кіші буын менеджменті" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша даярлауды жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады. Оқу мерзімі 1 жыл 10 ай орта мектептің 11 сынып базасында.

ҚР ҚМ Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусына қалай түсуге болады

Қазақстан Республикасы азаматы Кадет корпусына мынадай жағдайларда түсуге құқығы бар:

1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтар;

2) оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін әскери қызметін өткерген азаматтар және мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер;

3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызметін өткеретін әскери қызметшілер.

Азаматтардың түсуі уәкілетті орган бекітетін әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Кандидат оқуға түсу үшін тұрғылықты жері бойынша 1 мамырға дейін жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) өтініш білдіруі қажет, өзімен бірге жеке куәлігі мен тіркеу куәлігі болу керек, кандидат оқуға түскен жылы кәмелет жасқа толмаған жағдайда оның заңды өкілінің (әкесі, анасы немесе қамқоршысы) оқуға түсуге және оқу кезеңінде әскери қызмет өткеру туралы және Кадет корпусын аяқтағаннан кейін 10 жылға келісім-шартты жасасуға нотариуспен куәландырған келісімі болуы керек.

Жергілікті әскери басқару органында медициналық куәландырудан өту

Жергілікті әскери басқару органы (әскери комиссариат) медициналық куәландыруды жүргізуді ұйымдастырады. Қажетті анықтамалар мен құжаттардың күні, тізбесі кандидаттың өтініш берген жері бойынша нақтыланады.

Медициналық куәландырудан өту үшін: жеке куәлік, тіркеу куәлігі, наркологиялық диспансерден анықтама (наркотестке қорытынды), психоневрологиялық диспансерден анықтама, туберкулезге қарсы диспансерден анықтама, АИТВ-ға анықтама талап етіледі. Қалған қажетті құжаттар бойынша жергілікті әскери басқару органынан нақтылау қажет.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімі 3.5-ден кем емес орташа балмен немесе GPA 2-ден кем емес білімі туралы құжаты бар (ҰБТ сертификаты және кешенді тестілеудің (КТ) нәтижесі талап етілмейді) оқуға түсушілер қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін Кадет корпусына келеді.

Азаматтар мен әскери қызметшілер қатарынан Кадет корпусына қабылдау 1-20 тамыз аралығында 4 кезең бойынша жүзеге асырылады:

І кезең-кәсіби-психологиялық іріктеу;

II кезең- түпкілікті медициналық куәландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы»;

III кезең-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 "Жалпы білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" бұйрығымен анықталған нормативтер бойынша дене шынықтыру даярлығын тексеру.

IV кезең-конкурстық іріктеу және қабылдау.

Оқуға түсушілерге қабылдаудың әр кезеңінен бір рет өтуге болады. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Оқуға түсушілердің кәсіби-психологиялық іріктеуі уәжділік деңгейін, күйзеліске төзімділікті, сыни және логикалық ойлауды тексеруді қамтиды және қабылдау комиссиясы Кадет Корпусының тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімімен бірлесе отырып, құрылымдық бөлімшемен келісе отырып жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыруға денсаулық жағдайы бойынша кадет корпусында оқуға жарамдылығын анықтау кіреді және әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылатын медициналық комиссия жүргізеді.

Оқуға түсушілердің дене дайындығын тексеру дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.:

әскери қызметшілер (оның ішінде запастағы) үшін – "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына сәйкес";

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 "Жалпы білім беретін ұйымдарға арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" бұйрығымен анықталған нормативтер бойынша тексеріледі.


р

Бақылау жаттығуы

Нәтижесі

«5»

«4»

«3»

1.

Жүгіру 100 м (с)

14,2

14,5

15,0

2.

Жүгіру 3000 м (мин, с)

13,00

15,00

16,00

3.

Жоғары белдікпен тартылу (бір рет саны)

12

10

8

Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы 20 тамызда өткізеді және оған ең жоғарғы балдан ең төменгі балға дейін рейтинг құру кіреді. Рейтинг Кадет Корпусының қабылдау комиссиясының хаттамасында ресімделеді.

Кадет корпусына бірінші нөмірден теру жоспары бойынша бөлінген орындардың санына сәйкес келетін нөмір бойынша рейтингтегі түсушілер қабылданады. Жиынтық жоспарын жалпы саннан 10% - ға дейін арттыруға жол беріледі.

Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 21 тамыз күні сағат 10.00-ге дейін жарияланады және Кадет корпусы бастығының бұйрығымен 22 тамыз бекітіліп, ғаламтор желісіне еңгізіледі. Апелляцияға өтініш 21 тамыз сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Кадет корпусына оқуға қабылдауға конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың құқығы басым болады.

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының түлектері;
  • қызмет өткеру кезінде қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедек болған әскери қызметшілердің балалары;
  • "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғалар";
  • жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірінші – үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, бірінші және екінші дәрежелі дипломдармен марапатталған – таңдаған мамандығы олимпиада немесе конкурс пәніне сәйкес келген жағдайда.

Байланыс деректері:

Мекенжайы: 021700, Ақмола облысы, Бурабай ауданы,  Щучинск қаласы, Қанай би көшесі 209 Г, тел. 8 (71636) 4-15-20, 3-45-94,  факс 8 (71636) 4-13-88, ұялы.тел. 87051834375, 87073622038, 87780724054, 87780724083     

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.