Айдар парағына өту

Әскери билетті бір ай ішінде алу немесе баламалы әскери қызметтен қалай өтуге болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.08.2022

әскери шеру

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»  ҚР қолданыстағы  заңына өзгертулер енгізілді. 2013 жылғы наурыздан бастап азаматтарға әскери билетті бір ай ішінде алу мүмкіндігі ұсынылды. Бұдан былай Қазақстанда әскери қызметтен ақылы өту енгізіледі. Аталмыш жаңалықтың мақсаты белгілі бір себептерге байланысты бұрын осыны жасай алмағандарға мүмкіндік ұсыну болып табылады. Азаматтар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  15 филиалында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша    оқудан  белгілі бір төлем үшін ақылы негізде өте алады.  Ақылы әскери қызметтен қалай өту керектігі туралы аталмыш мақалада айтатын боламыз

Ақылы әскери қызметтен кім өте алады?

Ақылы негіздегі әскери қызметтен 24 ден 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамды немесе жарамдылығы шектеулі, соның ішінде әскери қызметке шақыру мерзімі кейінге қалдырылған азаматтар өте алады.

Мерзімін кейінге қалдыру:

  • отбасы жағдайлары бойынша;
  • білімін жалғастыру жағдайында;
  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • басқа да себептер бойынша ұсынылатынын атап өтеміз

«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес азаматтарды дайындау ақылы, яғни ақылы негізде Әскери қызметке азаматтарды даярлау ережелері негізінде жүзеге асырылады. 

Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылған, сондай-ақ оларға қатысты сотқа дейінгі өндірістер  қозғалған шақырылушылар, әскери міндеттілер  оқуға  жіберілмейді. 

Оқыту қалай өтеді?

Азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша ақылы негізінде даярлау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі көрсететін  мемлекеттік қызмет болып табылады  

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету  нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы   (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсеті нәтижесі:

1) бірінші кезеңде –  азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама  немесе мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап:

  1. қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың ішіндегі деректердің (мәліметтердің! дұрыс еместігін айқындау;
  2. қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі.

Қызметті алушы төменде келтірілген тізбеге сәйкес  құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

Қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  3. Жеке әскери-есепке алу құжаты (  тіркеу куәлігі, әскери билеті, уақытша куәлігі (әскери билет орнына);
  4. Білім туралы құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
  5. Әскери қызметке жарамдылығы санаты туралы медициналық куәландыру картасы;

2) екінші кезеңде – әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы  сертификатты беру.

Оқыту құны  263 318 теңгені құрады.

Әскери-техникалық мамандықтарға оқту 35 оқу күні ішінде атқыш, граната лақтырғыш және пулеметші мамандықтары бойынша жүргізіледі. 

Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып филиал  директорының немесе оның міндетін атқарушының оқуға қабылдау жəне оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.  

Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқыту мерзімі оқу бағдарламаы бойынша алынатын мамандыққаа байланысты белгіленеді.

Бұл ретте, әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді оқыту 1 ақпан мен 20 желтоқсан аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.  

Оқыту кезеңдері туралы толығырақ  ақпаратты әскери комиссариаттарда нақтылау қажет. 

Әскерге  шақырылушыларды  (əскери міндеттілерді ) даярлау сапасын тексеру үшін оқу аяқталғаннан кейін бітіру емтихандары өткізіледі. Емтихандарды тапсыруға толық оқу курсынан өткен, оқыту бағдарламасында көзделген барлық пәндер бойынша оң бағалар алған  және сынақтарды тапсырған әскерге  шақырылушыларды  (əскери міндеттілер) жіберіледі.

Филиалда оқыту кезеңінде  әскерге шақырылушылар, əскери міндеттілер дала киім-кешегімен (маусымға қарай), үш реттік тамақтандырумен және монша- кір жуу қызметтері бар казармада тәулік бойы тұрумен қамтамасыз етіледі.

Әскери-есептік мамандығы әскери комисариаттармен әскери билетті берген кезде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқуды бітіргені туралы сертификатқа және алған мамандығына сәйкес  беріледі  

Əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы)  сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді  

Оқудан кейін әскери билет алу

Ақылы негізде білім алған, бітіру емтиханын табысты тапсырған  әскерге  шақырылушыларға  (əскери міндеттілерге), әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды бітіргені туралы сертификат беріледі.  

Тиісті сертификатты алғаннан кейін азамат әскери билетті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға немесе "электрондық үкімет" порталы арқылы жүгінуі қажет, онда ол өтініш толтырып, мынадай құжаттарды қоса беруі тиіс:

Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жүгінген кезде :

жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен оның электрондық құжаттары (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

30х40мм көлеміндегі фотосуреттер-2 дана (фотосуреттер өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде орындалуы тиіс, тұлға фотосуреттің жалпы ауданының 70% - ға жуығын алуы тиіс).

Порталға жүгінген кезде:

білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі (бар болса) көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне тіркеледі;

әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы нотариалды куәландырылған сертификаттың электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне қоса тіркеледі.

р/с №  

 Филиалдардың атауы

Байланыс деректері

Телефондары

1.

Алматы филиалы

Алматы қ., Розыбакиев көш., 105а

+7 (7273) 92-99-01

2.

Ақтөбе  филиалы

Ақтөбе қ., Смағұлов көш., 3

+7  (7132) 40-03-38

3.

Атырау филиалы

Атырау қ., Баймұқанов көш., 80

+7 (7122) 36-36-34

 4.

Өскемен филиалы

Өскемен қ., Гастелло көш., 3а

+7 (7232) 50-31-13; +7 (7232) 50-32-38

5.

Семей филиалы

Семей қ., Ұранхаев көш., 71

+7 (7222) 52-47-71

6.

Орал филиалы

Орал қ., Абылхайыр хан , 6

+7 (7112) 21-21-10

7.

Қарағанды филиалы

Қарағанды қ., Архитектурная көш., 12

+7 (7212) 45-74-53; +7 (7212)  45-89-36

8.

Қызылорда филиалы

Қызылорда қ., Мұстафа Шоқай көш., 132

+7 (7242) 24-72-96

 9. 

Павлодар  филиалы

Павлодар қ.,   Московская көш., 82

+7 (7182) 61-76-89

10.

Петропавл  филиалы

Петропавл қ., Шухов көш., 33

+7 (7152) 51-10-96

11.

Талдықорған  филиалы

Талдықорған қ., Қаблиса жырау көш., 174

+7 (7282) 22-06-92

12.

Тараз  филиалы

Тараз, ул.  Сыпатай батыр көш., 4

+7 (7262) 45-09-27

13.

Шымкент  филиалы

Шымкент қ., Майлы-кожа көш., 76

+7 (7252) 43-25-37

14.

Щучинск  филиалы

Көкшетау қ., Әуелбеков көш., 26

+7 (7162) 25-78-97

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.