Айдар парағына өту

Жалпыға ортақ әскери міндет Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.10.2021

Қазақстан  Республикасын қорғау оның әр азаматының қасиетті борышы және міндеті.  Әскери  қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

Әскери қызметшінің мәртебесі

Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.

әскери қызметшінің   құқықтары мен бостандықтарының алып тастаулары  және шектеулері, ерекше міндеттері мен жауапкершілігі Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі ҚР Заңында белгіленген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.  

 Әскери қызметші мәртебесіне мына азаматтар:

  • әскери қызметке (жиындарға) шақырылғандар – жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет (жиындарды) өткеру орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;
  • келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендер – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
  • техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса – əскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде – уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады;
  • негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.

Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап  əскери қызметші мəртебесін жоғалтады.

Азаматтарды әскери қызметке даярлау

Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.

Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

  • бастапқы әскери даярлықты;
  • қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;
  • əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауды;
  • запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықты қамтиды

Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту

Халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингентті даярлау мақсатында:

  • ерлер – он алты жастан алпыс жасқа дейінгілерді қоса алғанда;
  • балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар әйелдер – он сегіз жастан қырық бес жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жалпыға бірдей әскери оқыту жүргізіледі.

Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады

Әскери есепке алу

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:

  • әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
  • осы Заңға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдарды;
  • бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатады

Әскери қызметтің мазмұны

Әскери қызмет:

  • әскерге шақыру бойынша әскери қызметті;
  • келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтиды.

 Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке:

  • сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі;
  • әскерге шақырылған офицерлердің әскери қызметі;
  • жұмылдыру, соғыс жағдайы кезіндегі, соғыс уақытындағы және әскери жиындарды өткеру кезіндегі әскери қызмет жатады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке:

  • сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;
  • əскери оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттарымен докторанттарының, əскери интерндерінің əскери қызметі жəне оқуы жатады

Азаматтарды әскери қызметке шақыру

 Азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi.

  • Азаматтарды әскери қызметке шақыру:
  • азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды;
  • әскери жиындарға шақыруды;
  • жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мiндеттері

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілiкті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.

Шақыру қағазын азаматтың жеке өзiне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиiстi iшкi iстер органына жүктеледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.