Шетел азаматтарының елімізге келуінің (кетуінің) ережелері Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 02.06.2023Пайдалы сілтемелер:
Сондай-ақ қараңыздар:
ҚР Үкіметінің «Иммигранттардың ҚР-на келу және тұру ережелерін, сондай-ақ олардың ҚР-нан кету ережелерін және Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Егер ҚР-ның заңнамалық актілерінде және/немесе ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, ҚР-ның визалары болған кезде көшіп келушілер халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық ҚР-ның Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы паспорттары немесе оларды алмастыратын құжаттары бойынша ҚР-на келеді және ҚР-нан кетеді.
Визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын аяқталады.
ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жергілікті атқарушы орган немесе ішкі істер органдары берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
ҚР-ның «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес 30 күнге дейінгі шетелдіктер үшін уақытша тіркеудің күші жойылды. 30 күннен астам мерзімге келген шетелдіктер үшін уақытша тұруға рұқсат талап етіледі.
Мына:
- ҚР-на ҚР-ның визасымен келген;
- дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар;
- 16 жасқа толмаған көшіп келушілер уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.
Көшіп келуші ҚР-нда уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.
Көршілес бірқатар елдермен визасыз сапар рәсімі сақталады.
Шетелдікке ҚР кіруге келесі жағдайларда рұқсат берілмеуі мүмкін:
- ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
- егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
- егер ол ҚР-ның егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
- егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;
- егер бұл ҚР азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
- егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның әрекеттерінде сот қауіпті түрде қайталанған қылмыс бар деп таныса;
- егер ол ҚР-нда алдыңғы болған кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған жазаны өтемеген болса;
- егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету ҚРның заңнамасында көзделген жағдайда, ҚР-нда алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпесе;
- егер ол, этникалық қазақтарды, ҚР-нда немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, ҚР-ның Үкiметi айқындайтын тәртiппен ҚР-нда болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
- егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды ҚР-ның заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
- онда ҚРна келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде;
- егер ол бұрын "ҚР-ның азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша ҚР-ның азаматтығын жоғалтса;
- егер ол бұрын "ҚР-ның азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша ҚР-ның азаматтығынан айырылса.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге соттың шығарып жiберу туралы шешiмі орындалған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
«Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды».
Егер ҚР-ның халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдауға болатын тұлғалардың шақыруы немесе ҚР-ның уәкілетті мемлекеттік органдарының рұқсаты виза алуға негіз болып табылады.